Баспасөз релиздері

Үкімет үйінде Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысы өтті

Үкімет үйінде Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев 2018 жылға арналған жұмыстың аралық нәтижелері туралы баяндады.

Жыл басынан бері 42 жаңа шетелдік инвесторлармен $7,5 млрд сомасына жобалар бойынша келісімге қол жеткізілді. $1 млрд сомасына 18 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, ірі шетелдік инвесторлармен 4 жоба бойынша құжаттарға қол қойылды. $7,1 млрд сомасына 15 жобаны белсенді жүргізу жұмыстары басталды.

С. Тұяқбаев Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес барлық басымдықты елдермен жұмыс жасалып, шетелдік инвесторларды мақсатты түрде бағыттау шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аталған жұмысқа Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері белсенді түрде араласуда.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің отырысында ұлттық компанияның қызметін реттейтін бірқатар ішкі құжаттар, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК-ның он жылдық кезеңге арналған стратегиясы мақұлданды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге