Қазақстанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларға жеңілдіктер алу оңайлатылды
Қазақстанда туризм саласы үшін субсидиялар мен преференциялар спектрі кеңейді. Осы жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы күшіне енді, оған сәйкес заңнамаға бірқатар маңызды түзетулер әзірленді.
Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бөлігінде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық басым келісімшартқа қол қою және тиісті преференциялар алу үшін инвестор жобаны іске асыруға кемінде 200 мың АЕК (612,6 млн. теңге) салуы тиіс. Мысалы, жаңа өндірістер құру кезінде барлық жобалар үшін жалпы шек - 2 млн. АЕК (6,1 млрд. теңгеден астам), жұмыс істеп тұрғандарын жаңарту кезінде - 5 млн. АЕК (15,3 млрд. теңгеден астам), тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа өндірістер құрылған жағдайда – 1 млн. АЕК (3 млрд. теңге).
Сонымен қатар, осы жылдан бастап Кәсіпкерлік кодексінде туристік қызмет шағын және орта кәсіпкерлікпен, индустриялық-инновациялық қызметпен, инвестициялық қызметпен және агроөнеркәсіптік сектормен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттарына енгізілген.
«Осылайша, бизнес әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау, тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау, жол бойындағы сервис объектілерін салу және т.б. кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде қолдау алатын болады», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Түйебекова.
Сонымен қатар, «bed tax»-тің тікелей аналогы болып табылатын шетелдіктер үшін туристік жарна сияқты жаңа еңгізілім туралы атап өткен жөн. Бұл туристерге жатақханаларды, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем. Туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударатын болады. Жарна мөлшерін әкімдіктер анықтайтын болады.
Сонымен қатар, келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау ережелері күшіне енді. Әрбір тартылған шетелдік турист үшін туроператорларға 15 000 теңге мөлшеріндегі шығындар субсидияланады.