Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST-те Қоғамдық кеңес отырысы өтті

KAZAKH INVEST-те Қоғамдық кеңес отырысы өтті

KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізіп, онда компанияның Әкімшілік блогының есебін тыңдады.

Әкімшілік блок KAZAKH INVEST-тің қаржылық, құжаттамалық, хаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бойынша қызметін жүзеге асырады.

Күн тәртібінде KAZAKH INVEST-тің үш құрылымдық бөлімшесі – Қаржы қызметі, Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу тобы және Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс тобы тыңдалды. Баяндамаларды Қаржы қызметінің директоры – Қоғамдық кеңес мүшесі – Талғат Ашихатов, Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс тобының директоры Бибігүл Құрманова және Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу тобының директоры – Айдар Сәдуақасов жасады. Бөлім басшылары атқарылған жұмыстарға, қысқаша көрсеткіштерге және корпоративтік басқаруға тоқталды.

Талқылау нәтижесінде Қоғамдық кеңес мүшелері Әкімшілік блоктың құрылымдық бөлімшелері директорларының есептерін назарға алды.

Айта кету керек, KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесі тұрақты негізде құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдау бойынша жұмыс жүргізеді. Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы барлық ақпарат KAZAKH INVEST ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге