Баспасөз релиздері

Астанада «Орталық Азия – Қытай» индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастықтың Екінші форумы өтті

Астанада «Орталық Азия – Қытай» индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастықтың Екінші форумы өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастықтың Екінші форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, өзара инвестиция тарту, бірлескен өндірістер құру және өңірдің стратегиялық салаларында кооперациялық жобаларды ілгерілету.

Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Қытайдың мемлекеттік органдарының өкілдері, салалық ведомстволардың басшылары, сондай-ақ өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысты.

Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мұндай іс-шаралардың біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру мен мемлекетаралық диалогты нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен жоспарланған жобалардың сәтті жүзеге асуын тіледі.

ART_4610.jpg

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия елдерімен және Қытай Халық Республикасымен ұзақмерзімді экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан Орталық Азия елдерімен және Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға әрдайым баса мән береді. Бүгінде Қазақстан-Қытай әріптестігі аясында жалпы құны шамамен 66,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 224 жоба іске асырылуда, бұл 50 000-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 43,8 млрд долларға жетті, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 100 млрд долларға дейін жеткізу – біздің амбициялық мақсатымыз. Бүгінгі форум сынды алаңдардың арқасында бұл жоспарларды сәтті жүзеге асырып, мемлекетаралық байланыстарды нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп сенемін», – деді ол.

Форум аясындағы панельдік сессияларда қатысушылар цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты, Орталық Азия мен Қытай елдерінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық тәсілдер, сондай-ақ тау-кен металлургия саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасуға, озық технологияларды енгізуге және мемлекетаралық инвестициялық серіктестікті кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

IMG_3391.JPG

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев Қытаймен индустриалды-инвестициялық серіктестіктің тұрақты даму динамикасы бар екенін және ол жоғары технологиялық өндірістерді дамыту мен шикізаттық емес секторлардағы кооперацияны кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Қытай инвесторлары тарапынан Қазақстан мен жалпы Орталық Азияға қызығушылықтың айтарлықтай артқанын байқаймыз. Fufeng Group, East Hope Group, CHN Energy, CITIC Construction, Dalian Hesheng Holdings және басқа да ҚХР-дың ірі компаниялары әлеуетті серіктестердің қатарында. Бұл – өңірімізге деген сенім мен Қытайдың мұнда тек өткізу нарығын ғана емес, заманауи өндірістерді орналастыру үшін де әлеуетті аумақ ретінде қарайтынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – осы компанияларға жобаларды жүзеге асыру барысында толық ашықтық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету», – деді ол.

Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында жалпы сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрайтын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Форум B2B және B2G форматындағы келіссөздермен аяқталды, оның барысында тараптар нақты жобаларды және қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру жөніндегі қадамдарды талқылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге