Қазақстан-Бавария инвестициялық дөңгелек үстелі Мюнхенде өтті
Германия – Қазақстан экономикасы күндері аясында Мюнхенде Қазақстан-Бавария инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік және жеке секторының өкілдері қатысты.
Германия Қазақстанның ЕО-дағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылады, елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер бар.
2022 жылдың 11 айында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2,36 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда (2,2 млрд доллар) 7%-ға жоғары. 2005 жылдан бері Германияның Қазақстан экономикасына салған тікелей шетелдік инвестициясы шамамен $5,3 млрд құрады, оның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Қазақстан-Германия инвестициялық жобаларының тізімі жалпы сомасы $4 млрд доллардан асатын 52 жобадан тұрады.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов, Баварияның Экономикалық консультативтік кеңесінің құрметті президенті Отто Висхой және Германия экономикасының Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс ашты.
Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров жүргізіп, онда екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы оң динамикаға тоқталып, Германияның іскер топтарын энергетика, шикізат материалдар, өнеркәсіп және машина жасау секторлары, көлік-логистика секторы, агроөнеркәсіптік кешен, білім және ғылым, IT салаларындағы жобаларға инвестиция салуға шақырды.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі берген преференциялар туралы айтып, неміс кәсіпкерлерінің сұрақтарына да жауап берді. Германия Бизнес өкілдері Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуеті, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қоныс аудару үшін Қазақстан экономикасының перспективалық бағыттары ерекше қызығушылық тудырды.
Қазақстандық делегацияның Баварияға сапары барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен Басқарма төрағасы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов неміс компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
EOS GmbH компаниясының аға вице-президенті Маркус Глассермен кездесуде тараптар материалдармен (полиамид, металл ұнтақтары) жұмыс істеу бойынша ғылыми-инновациялық құзырет орталығын құру жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Айта кету керек, «EOS GmbH» металл және пластмасса бұйымдарын өнеркәсіптік 3D басып шығару саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Кездесу барысында EOS GmbH компаниясы мен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Кездесу барысында GS-Bavaria GmbH басқарушы директоры Сергей Шмитке де Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігі туралы айтты. Атап айтқанда, компания бірегей технология бойынша полиэтилен балауыз өнімдері мен нанобөлшектерден жасалған бұйымдарды шығаруды жоспарлап отыр. GS Bavaria GmbH өнімділігі жоғары нано-материалдар мен функционалдық қоспаларды өндіруге маманданған және өнеркәсіптік қолдану үшін жаңа буын вольфрам негізіндегі композиттік материалдарды әзірлейді.
Шараны Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Баварияның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Германия экономикасының Шығыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.