Баспасөз релиздері

ТЕХНОНИКОЛЬ Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға $100 млн-нан астам қаржы салмақ

ТЕХНОНИКОЛЬ Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға $100 млн-нан астам қаржы салмақ

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов пен ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясының бірлескен иесі және басқарушы серіктесі Сергей Колесников биыл Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен онлайн форматта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді, бұл инвестициялық жобаларды іске асыру және инвестициялық қызметті қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Меморандум Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігіне айналады және екіжақты инвестициялар көлемін ұлғайту үшін негіз болады.

«Қазақстан Орта Азиядағы ең ілгері және ықпалды ел ретінде өңірдегі басқа елдер арасында зор экспорттық әлеуетке ие. Бүгінгі таңда республикада жұмыс істейтін жергілікті өндірушілердің қуаттылығы нарықтың қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыруда, бірақ сапалы серпілісті қамтамасыз ету, жедел өсіп келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру және таяу болашақта экспорт көлемі мүмкін емес», – деп атап өтті Сергей Колесников.

Инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларға сәйкес ТЕХНОНИКОЛЬ Алматы облысының Талғар ауданында минералды оқшаулау және экструзионды пенополистирол негізінде жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жөніндегі зауыттар салады. Жобаның іске асырылуы 2021-2023 жылдарға есептелген, құрылыстың белсенді кезеңіне корпорация 2022 жылға көшеді, екі жаңа кәсіпорынды іске қосу жиынтығында 220 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Қазақстанның құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Еліміз сапалы құрылыс материалдарына мұқтаж. ТЕХНОНИКОЛЬ сияқты ірі халықаралық ойыншыны тарту сапалы жылу оқшаулағыш материалдардың қолжетімділігін арттыру және өнімді тұтынудың өсуі есебінен осы саланы дамытуға серпін береді. Сондай-ақ, корпорация өз өнімдерін көрші елдерге экспорттау мүмкіндіктерін қарастыруда, бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Ұлттық компания басшысы инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде және инвестициялаудан кейінгі кезеңде іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Анықтама:

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» ел Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, «бір терезе»  қағидаты бойынша инвесторлар үшін Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, инвестициялық келісімшарт жасасуды, әртүрлі рұқсаттар алуды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы - құрылыс материалдары мен жүйелерінің жетекші халықаралық өндірушісі. Корпорацияның әлемнің 7 елінде (Ресей, Беларусь, Литва, Италия, Ұлыбритания, Германия, Польша) 56 өндірістік алаңы, әлемнің 18 елінде 22 өкілдігі, жоғары технологиялық жабдықтармен және білікті персоналмен жабдықталған 20 оқу орталығы, 6 ғылыми орталығы бар. Компания өнімдері 117 мемлекетке жеткізіледі. ТЕХНОНИКОЛЬДЫҢ штаб-пәтері Ресейде, Польшада, Италияда, Қытайда және Үндістанда орналасқан.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге