Баспасөз релиздері

Stokson елордада кондитер фабрикасын ашады

Stokson елордада кондитер фабрикасын ашады

Польшаның ірі кондитерлік фабрикаларының бірі Stokson Қазақстанда өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы поляк компаниясының басшылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешевпен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуде хабарлады.

Құны 5 миллион еуроны құрайтын жоба Нұр-Сұлтанда жүзеге асады деп күтілуде. Кәсіпорында 100-ден астам жұмыс орны ашылады. Өнім ішкі нарыққа жеткізіліп, көршілес елдерді де қамтитын болады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023 жыл.

DSC_0591(1).jpg

Stokson - Польшадағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі. 30 жыл бойы компания ішкі нарыққа өнім жеткізуде, сонымен қатар әлемнің 40-тан астам еліне экспорттауда. Кәсіпорын автоматтандырылған жоғары технологиялық өндіріс жабдықтарын пайдаланады.

Stokson негізін қалаушылар Хенрик Стоклоса мен Матеуш Стоклоса Қазақстанда өндірістік кешеннің ашылуы Қазақстан экономикасына оң әсер етеді. Бұл компанияның бірінші инвестициялық жоба болғандықтан, ол компанияның әлемдік нарықтағы өкілдігін кеңейтуде маңызды рөл атқаратынына сенімдігін білдірді.

DSC_0584(1).jpg

Алғашқы шетелдік өндірісіміз үшін Қазақстанды таңдағанымызға өте қуаныштымыз. Біз кондитерлік өнімдерді жеткізу бойынша ЕО-да жетекші орындарды иілене отырып, Нұр-Сұлтанда зауыттың ашылуының арқасында Орталық Азия, ТМД және Кавказ елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда бізді ауыл шаруашылығының жоғары деңгейі, сондай-ақ Қазақстанның инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмысы қызықтырды. Бізге қысқа мерзімде келуді ұйымдастыра алғаныңызға өте ризамыз және сіздердің қолдауларыңыздың арқасында келесі жылы қазақстандық нарықтарға қолжетімді бағамен өнім жеткіземіз деп сенеміз»,  - деді Хенрик Стоклоса.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстан инвестиция көлеміне қарамастан, елімізге келетін барлық инвесторларға әрқашан қуанышты екенін айтты, сондай-ақ Инвестициялар комитеті мен KAZAKH INVEST компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екеніне сендірді.

«Қазақстан үкімет деңгейінде экономиканың өңдеуші секторына инвестиция тартуға мүдделі. Біз инвестиция тарту жөніндегі ұлттық агенттік ретінде жобаны жүзеге асырудың кез келген кезеңінде көмектесуге әрқашан дайынбыз және Қазақстанда жұмыс істеу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мақсаттанамыз», - деп түйіндеді сөзін Мейіржан Юсупов.

Поляк компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, сонымен қатар олар Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен, құрылыс компаниялары мен банк секторының басшыларымен кездеседі. Сапарды Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің қолдауымен KAZAKH INVEST ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге