Баспасөз релиздері

Қазақстан машина жасаушылар одағы KAZAKHINVEST компаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан машина жасаушылар одағы KAZAKHINVEST компаниясымен меморандумға қол қойды

2021 жылғы 22 қарашада Қазақстан машина жасаушылар Одағы мен “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ машина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев пен “KAZAKH INVEST” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қол қойды.


Қазақстан машина жасаушылар одағы мен KAZAKHINVEST бірлескен қызметінің негізгі бағыттары ретінде ақпаратпен алмасу және Қазақстанның машина жасау саласына инвестициялар тарту бойынша жұмысты белгіледі.

Меморандум аясында тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша бастамаларды қолдауды, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттары туралы бір-бірін хабардар етуді жоспарлап отыр.


Источник: Қазақстан машина жасаушыларының одағы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге