Баспасөз релиздері

Алматы облысында қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы іске қосылды

Алматы облысында қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы іске қосылды

Алматы облысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдаумен қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жоба 270 Га жер телімінде күн паркін, 220 кВ қосалқы станциясын және 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысын қамтиды. Ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Станция жобалық жалпы құны 27,7 млрд. теңгені құрады. Іске асыру барысында инввесторлар 300 мыңнан астам күн панелдерді орынатты. Жоба бойынша электр станциясы жыл сайын 160 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. КЭС көмірқышқыл газыдың атмосфераға шығарындыларын жылына 150 мың тоннаға азайтады.

«Universal Energy компанисымен бұдан әрі әріптестік жалғасады. Аталған инвестор қосымша 50 МВт болатың ірі күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Біздің міндетіміз – елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Universal Energy компааниясы тарапынан жобаны іске асыру осыған дәлел», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Алматы облысы бойынша аймақтық директорының оынбасары Дарья Овсянникова.

Айта кету керек, жоба құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінде басталды. Құрылыс кезеңінде 500-ден астам қазақстандық жұмысшы және 11 қазақстандық құрылыс компаниясы қатысты. Бүгінгі күні компания қосымша 13 тұрақты жұмыс орын құрды. Бұдан бөлек, инвесторлар Алматы облысының әкімдігімен келісе отырып, Қапшағай қаласындағы әлеуметтік нысанды жөндеуге және құрылысқа 250 млн. тенге көлемінде көмек көрсетті.

Анықтама: Universal Energy қызметі күн және жел энергетикасына бағытталған, офистері Шанхайда, Гонконгте, Сингапурда, Алматыда орналасқан. Universal Energy (QAZAQSTAN) Қазақстандағы іске асырылатын жаңартылатын энергия көздер жобаларының жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге