Баспасөз релиздері

Братиславадағы дөңгелек үстелде Қазақстан мен Словакия нені талқылады?

Братиславадағы дөңгелек үстелде Қазақстан мен Словакия нені талқылады?

Қазақстан-Словакия дөңгелек үстелі шеңберінде өнеркәсіп, авиация, энергетика саласындағы кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Іс-шараны Словакия Республикасының экономика министрлігінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына 50-ге жуық шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ министрліктер, ведомстволар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Шара аясында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне және бизнесті жүргізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды. Словак тарапы Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал мен бизнесті дамыту үшін жағдайлардың бар екенін атап өтті. Іс-шара барысында қазақстандық тарап инвестицияларды қолдау саласындағы мен мемлекеттің саясатын жаңа шаралар, ҚР арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарының мүмкіндіктерін, сондай-ақ елдің машина жасау, металлургия, энергетика және т. б. салалардағы әлеуетін таныстырды.

Іс-шараны аша отырып, Словак Республикасы Экономика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Карол Галек Қазақстанның экономикалық өсу қарқынын, жоғары инвестициялық тартымдылығын оң бағалады, сондай-ақ словак бизнесі тарапынан қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы іскерлік ахуал туралы және елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Алтынай Мұқанова егжей-тегжейлі айтып берді. Өз сөзінде ол шараға қатысушыларды Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Қазақстан-Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарымен, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен таныстырды.

«Соңғы бірнеше жылда Қазақстан бірқатар кең ауқымды реформалар жүргізіп, салық, кәсіпкерлік және кеден заңнамаларына қажетті түзетулерді қабылдады, бұл экономиканы жоспарлы түрде әртараптандыруға және бизнесті табысты жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Үздік халықаралық тәжірибені зерттей отырып, Қазақстан инвесторларға жан-жақты қолдау, соның ішінде заттай гранттар беру, салықтардан, кедендік баждардан босату және т.б. ұсынады. Сонымен қатар, KAZAKH INVEST мамандары Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтердің толық спектрін көрсетуге дайын», - деді Алтынай Мұқанова.

Өз тарапынан словак компанияларының өкілдері қатысушыларды өз қызметтермен таныстырды, Қазақстандық-словакиялық инвестициялық ынтымақтастығының одан әрі дамуына қатысты пайымын ұсынды, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

Бұдан басқа, қазақстандық делегацияның Братиславаға сапары шеңберінде сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясы өткізілді. ҮАК пленарлық сессиясының қорытындысы бойынша ҚР СІМ Инвестиция комитетінің басқарма басшысы Талғат Мұханов пен Словакияның «Heneken» компаниясының өкілі Осим Маматқұлов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Анықтама: «Heneken» - металлургия, логистика, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және энергетика саласында маманданған компаниялар тобы. Топ Словакиядағы 3 өндірісті қамтиды - Heneken Melt (алюминий зауыты), Heneken Conductors (кабель өндіру зауыты), Heneken Mazak (мырыш қорытпаларын өндіру зауыты). Heneken Group Словакиядағы жылдық қуаты 50 мың тонна қайталама алюминий мен мырыш қорытпаларын өндіретін ең ірі өндіруші болып табылады.

Жұмыс сапары барысында KAZAKH INVEST словак компанияларының басшылығымен бірқатар B2B кездесулер өткізді. «Progubas» компаниясымен энергетика саласындағы жобалар, авиация саласындағы «Techniserv» және «Shark Aero» компанияларымен, сондай-ақ металлургия саласындағы әлеуетті жоба бойынша «Heneken» компаниясымен талқыланды.

Словакия Қазақстан Республикасының Еуропадағы әлеуетті сауда серіктестерінің бірі болып табылатынын еске саламыз. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылы шамамен $84 млн құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,9%-ға жоғары ($69,5 млн). Қазақстан экономикасына словак инвестицияларының жалпы көлемі 2005 жылдан бастап 2021 жылға дейін шамамен $20 млн құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге