Баспасөз релиздері

Сингапур «CG Corp Global» ТҰК 150 жұмыс орнын құрып, тамақ өнеркәсібінің жобасын іске асырады

Сингапур «CG Corp Global» ТҰК 150 жұмыс орнын құрып, тамақ өнеркәсібінің жобасын іске асырады

«Kazakh Invest» көмегімен Түркістан облысындағы тез дайындалантын кеспе өндіру бойынша «Lotus» жергілікті зауытты сатып алу жөніндегі келіссөздер оң аяқталды. Инвестор болып сингапур «CG Corp Global» трансұлттық корпорациясы шықты.  

Бұл компанияның 140 жылдық тарихы бар және әлемнің 30 елінде қатысады. «CG Corp Global» компаниялар тобына жалпы саны 10 мың қызметкерден артық тамақ өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі, телекоммуникация, электроника және басқалар сияқты, әртүрлі бағыттарда қызметін жүзеге асыратын 120 компания және 76 бренд кіреді.  

Жақында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы, компанияның бас құрылтайшысы Бинод Чаудхаридің Қазығұрт ауданына іссапарын ұйымдастырды. Жұмыс істеп тұрған «Lotus» зауытында өндірістік қуатты көбейту және халықаралық сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, кәсіпорын аумағында тамақ дәмдеуіштерін өндіру бойынша желі ашылады.  

Астанада «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесуде «CG Corp Global» компаниясының өкілі Бриж Лодха қазір жұмыс істеп тұрған өндірісте 22 адам жұмыс істейді, мәмілені аяқтаудан кейін, еңбекке орналастырылғандардың саны 150 адамға дейін көбейтіледі деп атап өтті.   

«Біз дүниежүзілік стандарттар бойынша сапалы кеспе жасаймыз, жыл сайын 2 млрд дана өнім шығарамыз. Орталық Азияда Қазақстан  – бұл ең пайдалы жер, бұнда негізгі шикізат бар – бұл сапалы ұн. Біз бұл өте пайдалы болады деп ойлаймыз: осында өндіру және Қазақстаннан Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау деп», - кездесу нәтижелері бойынша Бриж Лодха баса айтты.  

Жобаның болжалды құны 15 млн. АҚШ доллар. Өнім «Wai-Wai noodles» брендімен өндіріледі.    
 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге