Баспасөз релиздері

Сингапур Қазақстандағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

Сингапур Қазақстандағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Сингапур Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп сингапурлық "Infrastructure Asia" ұйымымен келіссөздерді жалғастыруда. Осы келіссөздердің басты мақсаты Сингапурдан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен компанияларды Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тарту.

Жүргізілген келіссөздер барысында Азия даму банкінің бағалауы бойынша қарқынды дамып келе жатқан Азия ағымдағы өсу қарқынын қолдау үшін 2030 жылға дейін инфрақұрылымға инвестиция түрінде $26 трлн, немесе жылына $1,7 трлн талап ететіні атап өтті. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, осы сұранысты әлеуетті қанағаттандыру үшін әлемде жеткілікті жеке капитал бар. Бұл ретте облигациялардың жаһандық нарығының көлемі $100 трлн-нан аспауы тиіс. Сонымен қатар, сұраныс пен ұсыныс арасында айтарлықтай сәйкессіздік байқалады. Азиядағы инфрақұрылымды дамытудың басты мүмкіндігі - өңірдегі нақты жобаларды қаржыландыру үшін ресурстарды табысты жұмылдыру.

Бүгінгі күні Сингапурда мемлекеттік сектор мекемелері мен жеке сектор компанияларын қамтитын экожүйе құрылды, оған девелоперлер, инженерлік, сатып алу және құрылыс компаниялары, кәсіби қызмет көрсететін фирмалар, қаржы мекемелері мен әртүрлі даму институттары кіреді.

Осылайша, сингапурлық «Infrastructure Asia» мемлекеттік агенттігі жобаны ерте бағалау, озық тәжірибе алмасу, инвесторларды тарту және мәмілелер жасау арқылы Азия өңірінде инфрақұрылымды қаржыландыру мен дамытуды қолдайды. Жобаларды іске асыру үшін қаржы институттары, мемлекеттік және жеке ұйымдар кіретің серіктестердің кең желісін пайдаланылады. 

«Өңірлік нарықтарды түсіну және жеке даму тәжірибесі арқасында Сингапур Азия инфрақұрылымының қажеттіліктерін қанағаттандыру және өңірдің әлеуетін ашу үшін кең мүмкіндіктерге ие. Әдетте инфрақұрылымдық жобалар тұрақты және ұзақ мерзімді ақша ағындарын қамтамасыз ету тиіс, өйткені олар өте көп капиталды қажет етеді. Сондықтан инфрақұрылымдық жобаны құрудың бастапқы кезеңдерінде оны тиімді іске асыру үшін болашақ шығындар мен кірістерді нақты болжау өте маңызды. Әлеуетті инвестор таңдап алған елде инвестор болу және жобаны іске асыруға кірісу алдында осы мәселелердің барлығын мемлекеттік органдармен толық көлемде пысықтауды қалайды. Сондықтан әлеуетті инвесторлардың қандай қажеттіліктері бар екенін түсіну маңызды», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бойынша ел менеджері Данияр Айтқұлов.

Келіссөздер барысында «KAZAKH INVEST» Басқарма төрағасының стратегиялық инвестициялық жобалар бойынша кеңесшісі   сингапурлық тарапқа Қазақстанның көлік-логистикалық саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ бірқатар нақты инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды. 

«Инфрақұрылымды тиімді дамыту - Азия елдері экономикасының тұрақты ұзақ мерзімді дамуының кепілі. Трансконтиненталдық тасымалдарда Қазақстанның рөлі жыл сайын артып келеді. Біздің еліміз халықаралық бастамалар шеңберінде маңызды рөл атқарады және бүгінгі күні Азия мен Еуропа нарықтарын жалғастыратын маңызды интермодальды көлік хабы болып табылады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты, Аэротрополис, "Қорғас" құрғақ портын және Каспий теңізіндегі теңіз порттарын дамыту, сондай-ақ мультимодальдық тасымалдарды цифрландыру Қазақстанның көлік-логистикалық саладағы әлеуетін сапалы жаңа деңгейде ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Жандос Темірғали.

"Infrastructure Asia" атқарушы директоры Seth Tan Қазақстанда жүргізіліп жатқан инвестициялық саясатқа жоғары баға берді. Келіссөздер барысында сингапурлық инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын жобалар мен бағыттар талқыланды. Ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша салалар ретінде "жасыл" энергетика, цифрландыру және әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу белгіленді.

Сингапурдағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Ерлан Кубашев қалыптасқан жағдайда екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы тұрақты диалогты қолдау маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Энергетика, көлік және логистика, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы нақты жобаларды қарау перспективада жұмыс істеуге ғана емес, сондай-ақ халықаралық экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру есебінен әлемде қалыптасқан жағдайды тез арада еңсеруге мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге