Баспасөз релиздері

Швейцариялық бизнесмендер Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Швейцариялық бизнесмендер Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Женева, 2022 жылғы 1 наурыз – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 49-шы сессиясына қатысу үшін Швейцарияға сапар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Rey Group» және «Caviar House & Prunier» швейцариялық компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізді.

Қазіргі уақытта бұл компаниялар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төрағалығымен 2021 жылғы қарашада Женевада өткен Қазақстан-Швейцария инвестициялық дөңгелек үстелінің отырысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Тараптар түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды Қазақстанда іске асыруын, оның ішінде туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ балық саласы мен қара уылдырық өндірісін жаңғыртуды талқылады.

Көзі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге