Баспасөз релиздері

Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуге дайын

Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуге дайын

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «ACWA Power» Сауд компаниясы төрағасының орынбасары Раад Әл-Саадимен кездесу өткізді, онда тараптар Жетісу облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлескен жобаның іске асырылу барысын талқылады. Жобаның құны $1,8 млрд құрайды.

Р. Әл-Саади қазақстандық өкілдерге құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2026 жылға жоспарланғанын, 2024 жылы компания ҚР Энергетика министрлігімен, облыс әкімдігімен және KAZAKH INVEST-пен бірлесіп, Қазақстанда тұрақты энергетиканы дамытуға бағытталған жоба бойынша Жол картасына қол қойғанын айтты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялар туралы келісім жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, төрағаның орынбасары компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметті бірқатар басқа бағыттар бойынша кеңейту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Осылайша, 2024 жылдың қаңтарынан бастап ACWA Power басшылығы мен техникалық мамандары «жасыл» сутегі, бу-газ турбиналарымен электр энергиясын өндіру және суды тұщыландыру саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерттеу үшін елге бірнеше жұмыс сапарларын жасады.

DSC_0214.jpg

Кездесу қорытындысы бойынша Ғ. Оспанқұлов Инвестициялар комитеті KAZAKH INVEST-пен бірлесіп Қазақстанда жобаларды іске асыру барысында компанияға толық қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

ACWA Power компаниясы ЖЭК, ПМУ, «жасыл» сутегі және суды тұщыландыру саласындағы жобаларды әзірлеуге, қаржыландыруға және пайдалануға маманданған. ACWA Power компаниясы суды тұщыландыру бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания қызметкерлерінің штаты Таяу Шығыстың, Африканың, орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның 13 елінде 4000-нан астам адамды құрайды. Жобалардың жиынтық қуаты 65,6 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның жобаларға салған инвестицияларының жалпы көлемі шамамен $94 млрд құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге