Баспасөз релиздері

Samsung C&T Corporation Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

Samsung C&T Corporation Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Samsung C&T Corporation» Орталық және Шығыс Еуропадағы, Түркиядағы Басқарушы директоры Сон-Чан Юнгпен кездесу өткізді, оның барысында тараптар компанияның Қазақстандағы энергетикалық қуаттарды, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін салу және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жоспарларын талқылады.

«Қазақстан аумағында сіздің компанияңызды қоса алғанда, Оңтүстік Корея капиталы бар 700-ден астам компания табысты жұмыс істеуде. Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына инвестор-5 ірі елдің қатарына кіреді. Осыған байланысты, елдеріміз арасындағы инвестициялық қатынастарды дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Біз Samsung C&T корпорациясына жаңа жобалар арқылы инвестициялық және келісімшарттық қызметті жүзеге асыруда жан – жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді төраға.

Ғабидолла Оспанқұлов Тараптар арасындағы әртүрлі салалардағы қатынастарды дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті. Атап айтқанда, Төраға Оңтүстік Кореяның жасыл энергетика шешімдерін әзірлеу және технологияларды шет елдерге беру тәжірибесі мен сараптамасын атап өтті.

DSC_0734.jpg

Өз кезегінде Samsung C&T Corporation өкілдері жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру және оны сақтау, оның ішінде күн энергиясын өндіру және мамандандырылған батареялар арқылы іске асыру жөніндегі ниеттерін айтты. Сондай-ақ, корпорация өкілдері Түркия, Румыния және т.б. елдердегі нысандарды салу мен жаңғыртуда өз жобаларын таныстырып, Қазақстандағы энергетикалық қуаттарды салу мен жаңғыртуға мүдделілігін атап өтті.

Қорытындылай келе, тараптар энергетика саласындағы болашақ жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісті.

Samsung C&T корпорациясы-Оңтүстік Кореяның трансұлттық конгломераты, оның іскерлік мүдделері құрылыс, машина жасау, туризм және сауда сияқты әртүрлі секторларды қамтиды.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге