Баспасөз релиздері

Ресей инвесторлары Қазақстанда тау-байыту комбинаты мен химия-металлургиялық кешенін салуға ниет білдірді

Ресей инвесторлары Қазақстанда тау-байыту комбинаты мен химия-металлургиялық кешенін салуға ниет білдірді

Ресей Федерациясының ірі химиялық кешендерінің бірі – «Башкирская содовая компания» АҚ Ақтөбе облысында тау-байыту комбинатын және Степногорск қаласында химия-металлургиялық кешенін салуды жоспарлап отыр. Жоба құны $400 млн құрайды.

Бұл жөнінде бизнесмендер Қазақстан Республикасына «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған іс-сапар шеңберінде хабарлады. Инвесторлардың айтуынша, компания зор тәжірибеге және химия саласында қолданылатын инновациялық технологияларға ие.

Кездесу Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Ондасын Оразалиннің қатысуымен өткізілді.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST өкілдері инвесторларды қолдау жөніндегі шаралар мен функциялар шеңберінде, жобаны идеядан қолданысқа беруге дейінгі барлық кезеңдерде қолғабыс білдіруге дайындығын білдірді. Сапар барысында әлеуетті инвесторлар отандық экономиканың басым салаларындағы жобаларды мемлекеттік қолдау шараларымен, бизнесті жүргізу рәсімдері және инвестициялық жобаны тиімді іске асыру мүмкіндіктерімен танысты.

Анықтама: «Башкирская содовая компания» АҚ Ресейде кальций қосылған ас содасын өндіру бойынша бірінші орын алады, сондай-ақ, ПВХ, каустикалық сода мен кабель пластиктерін өндіру жөнінде көшбасшылардың бірі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге