Баспасөз релиздері

Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады

НҰР-СҰЛТАН–БЕРЛИН, 24 маусым 2020 ж. Ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне неміс инвестицияларын тарту үшін жаңа мүмкіндіктер бүгін Берлин Еуразиялық клубының 29-шы отырысы барысында қаралды.

Іс-шара ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы және 2020 жылдың басында ГФР-ға сапарлары аясында герман бизнесімен кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға арналды.

Отырыстың ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр, ГФР Федералдық Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы У. Файлер, ГЭШК Бас басқарушы директоры М. Хармс, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров және ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Н.Дайырбеков қатысты.

Сондай-ақ, бейнеконференция тәртібіндегі пікірталасқа Қазақстан мен Германияның үкіметтік және іскер топтарының 50-ге жуық өкілдері қатысты.

Р.Скляр өзінің құттықтау сөзінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың пандемия дәуірінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және ел халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамаларын таныстырды.

"АӨК дамыту қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Атап айтқанда, инвестициялық ынтымақтастық үшін біз мал шаруашылығы саласында, атап айтқанда қой еті, құс еті, қозы еті өндірісінде және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ілгерілетуде үлкен әлеует бар. Бұдан басқа, Үкімет алдағы 10 жылда қосымша 50 млн га жайылымды айналымға енгізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты сіздерді агроөнеркәсіптік кешендегі жемісті ынтымақтастыққа шақырғым келеді", - деп атап өтті Роман Скляр.

Өз кезегінде У.Файлер ГФР пандемияның экономикалық салдарымен күрес жөніндегі жоспарларын ұсынды. Сонымен қатар, герман саясаткері қазақстандық АӨК даму қарқынына және шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына оң баға берді, оның пікірінше, дағдарыс кезеңінде ҚР мен ГФР үкіметтері арасында стратегиялық өзара іс-қимылды қолдау мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы сегменттерін қолдауға және одан әрі дамытуға мүдделі неміс іскер топтары үшін жоғары инвестициялық тартымдылық жасалады.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Айдаров еліміздің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі күш-жігерге бейілділігін атап өттіп, ауыл шаруашылығы саласының экономикалық өсу мен әлеуметтік әл-ауқаттың әлеуетті катализаторы ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. 

Бүгінгі таңда "KAZAKH Invest" ҰК" АҚ қолдауымен неміс инвесторларының қатысуымен агроөнеркәсіп кешені саласында 2 жоба жүзеге асырылуда.

Олардың бірі Алматы облысында ет комбинатын салу бойынша Baumann компаниясының жобасы. Инвестжобаны іске асыру аясында бірінші фаза үшін тәулігіне 3000 бас ұсақ малға дейін қуатпен қой етін сою және толық қайта өңдеу және буып-түю бойынша ағынды цикл құру жоспарлануда. Ет комбинатының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның 50 мың ұсақ шаруа қожалықтарын тарту жоспарлануда. Өндірілген өнімді Қытайға, Ресейге, Иранға, БАӘ, Кореяға және т.б. елдеріне экспорттау жоспарлануда.

Панельдік пікірталас барысында аса ірі және табысты шаруашылықтар жұмыс істейтін Қазақстан өңірлері мен Германияның Федералдық жерлері деңгейінде ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі бірлескен қадамдар қаралды. Бұдан басқа, БЕК онлайн-отырысына қатысушылар Қазақстан мен Германияның экономикалық байланыстарына пандемияның теріс салдарын азайту бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруға келісті.

Анықтама: Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Германияға ресми сапары барысында көрнекті саясаткерлер, халықаралық сарапшылар, Қазақстанның, Германияның және Еуропаның басқа да елдерінің ғылыми-қоғамдық және іскер топтарының өкілдері тарапынан ашық бейресми диалогтық платформа ретінде құрылды.

Алдыңғы, БЕК-тің 28-ші отырысы 2019 жылы 6 желтоқсанда Берлинде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төрағалығымен ГФР-ға ресми сапары аясында өтті.

Сапар қорытындысы бойынша және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрамына салалық министрліктердің бірінші басшыларының орынбасарлары кіретін неміс инвесторларымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үкіметтік жұмыс тобы құрылды.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге