Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері Central Asia Mining & Metals халықаралық көрмесіне қатысты

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері Central Asia Mining & Metals халықаралық көрмесіне қатысты

Ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Central Asia Mining & Metals халықаралық көрмесі аясында жобалар департаментінің директоры Бауыржан Айтқұлов бастаған «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ делегациясы бірқатар отандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен және шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізді.

Осылайша, ұлттық компания өкілдері БАӘ мен Еуропа елдерінен инвестициялар тарту арқылы Қостанай облысында темір кенін орнын игеру жобасын іске асыратын «Ломоносовское» ЖШС отандық инвесторымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жобаны дамыту шеңберінде одан әрі жұмыс істеу жөнінде пікір алмасты. Б. Айтқұлов компанияны жоғары қайта бөлінген өнім өндіру бойынша жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды. Сондай-ақ, Директор KAZAKH INVEST шетелдік серіктестерінің қатарынан ыстықтай брикеттелген темір және жоғары сапалы болат өндіретін ірі компаниялармен ынтымақтастықты ұсынды.

Бұдан басқа, ҚР аумағындағы геологиялық барлау жобаларына ірі әлемдік компанияларды тарту шеңберінде KAZAKH INVEST көмегімен отандық юниорлық жер қойнауын пайдаланушы компания мен «Норильск Никель» ТМК» өкілдері арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Алматы облысында мыс пен алтын өндіру және игеру бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды. «Норильск Никель» компаниясының өкілдері қазіргі уақытта Қазақстандағы тау-кен жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда және ұлттық компанияның жобалар пулынан жер қойнауын пайдалану учаскелерін зерделеуде.

Көрме аясындағы екіжақты келіссөздердің соңында Иранның тау – кен саласындағы ірі компаниясы – «Fakoor Sanat Tehran» компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Компания ҚР аумағында темір кені жобаларын іске асыруға, әсіресе Қостанай облысындағы ірі темір кен орындарының қалдық қоймаларын қайта өңдеуге қызығушылық танытты. Өз кезегінде Б. Айтқұлов ирандық компания өкілдерін Қазақстанның темір рудасы саласындағы ағымдағы жағдайлармен таныстырып, компанияның бастамаларына қолдау білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың жауапты тұлғалары мен одан әрі бағыттарын айқындады.

Сонымен қатар, Б. Айтқұлов пен Ұлттық компанияның жобалық менеджері Жақсылық Хасенов жұмыс сапарымен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС компаниясының Алматы облысындағы вольфрам концентратын шығаратын байыту фабрикасына және Богуты вольфрам кен орындарына барды. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 1 000 жұмыс орнын құрумен 3 350 млн құрайды, ал өндіріс қуаты жылына 3 300 мың тоннадан асады. Соңғы өнім 15 мың тонна 65% вольфрам концентратын құрайды. Инвестор – «Jiaxin International Resources Investment» Гонконг компаниясы.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге