Баспасөз релиздері

Малайзияда Саравак штатымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Малайзияда Саравак штатымен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Куала-Лумпур, 2021 жылдың 19 маусымы – Малайзия бизнесі экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге дайындалып, қазақстандық нарыққа қызығушылық танытуда.

Малайзиядағы толық локдаун жағдайында Қазақстан Елшілігі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, Қазақстанның Саравак штатындағы құрметті консулы Аванг Даудпен және малайзиялық іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен аталған штаттың Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастығын дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізді.


Іс-шараға инфрақұрылым, білім беру, мұнай-газ өнеркәсібі және жабдықтар шығару саласында жұмыс жасайтын компаниялар қатысты.

Қазақстанның Құрметті консулы бизнес қауымдастығы үшін Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі туралы брифинг өткізді. Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ҚР іскерлік ахуалын егжей-тегжейлі таныстырып, инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандырды.


Малайзиялық бизнес өкілдері қазақстандық нарықтың мүмкіндіктеріне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі мен мүмкіндіктеріне айтарлықтай қызығушылық танытты. Іс-шараға қатысушылар пандемияға байланысты шектеулер жойылғаннан кейін ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі талқылау үшін бизнес-делегациясының Қазақстанға сапарын өткізуге келісті.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге