Баспасөз релиздері

Сирек жер металдары және энергетика: Қазақстан мен Германия 1,7 миллиард долларға құжаттарға қол қойды

Сирек жер металдары және энергетика: Қазақстан мен Германия 1,7 миллиард долларға құжаттарға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында жалпы сомасы $1,7 млрд астам бірлескен жобалар бойынша 23 коммерциялық келісімге қол қойылды. Бірқатар құжаттарға қол қойып, Тараптар сирек кездесетін металдарды өңдеу, машина жасау станоктары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі, балық шаруашылығы және жасыл энергетика және т. б. салалардағы ынтымақтастыққа келісті.

Осылайша, "Siemens" технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін орташа кернеулі тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шартты "Казэнергопауэр" ЖШС және Siemens AG жасасты. Құжат Қазақстанда Siemens жабдықтарының өндірістік базасын құруды көздейді. Жобаның құны шамамен 22 миллион долларды құрайды.

DCL04811.jpg

«Creada Corporation» ЖШС мен HMS Bergbau AG компаниялары Шығыс Қазақстандағы күрделі сирек металл кендерін барлау, өндіру және өңдеу жобасын инвестициялауға және дамытуға келісті. Бұл келісім Қазақстанның сирек жер секторын дамытудың жаңа перспективаларын ашады. Сирек металдар электроника, магниттер, батареялар және басқа да инновациялық өнімдер сияқты жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жобаның жоспарлы құны 200 миллион долларды құрайды.

DCL04789.jpg

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен "Landesbank Baden-Württemberg" экспорттық кредиттік агенттіктерді сақтандыру бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Даму институттары неміс компанияларына, сондай-ақ Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін неміс серіктестерімен ынтымақтасатын қазақстандық компанияларға экспорттық несие кепілдігін береді деп болжануда.

Алашпай полиметалл кен орнында өңдеу зауытын салу туралы келісімге «SARYARKA Polymetals» ЖШС мен немістің Nordstorm Switzerland AG және DEB Deutsche Erze Beteiligungs AG компаниялары қол қойды Байыту фабрикасы қорғасын концентратын алу үшін қорғасын кендерін өңдеп, оны әртүрлі өнімдер өндірісінде қолдануға жол ашады. Сонымен қатар, жоба ілеспе компоненттерді геологиялық барлауды қарастырады.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

  1. «Казэнергопауэр» ЖШС мен Siemens AG арасында «Siemens» технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
  2. Qazaq Lithium ЖШС мен HMS Bergbau AG арасындағы Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім;
  3. «DВ Engineering & Consulting GmbH» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
  4. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «Rhenus SE & Co.KG» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. ҚР Жамбыл облысы әкімдігі мен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
  6. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Германия экономикасының Шығыс комитеті арасында бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін Жұмыс тобын құру және тәуекелдерді хеджирлеу бойынша ниет туралы меморандум;
  7. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Landesbank Baden-Württemberg» арасындағы экспорттық кредиттік агенттіктерді сақтандыру бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы негіздемелік келісім;
  8. «Creada Corporation» ЖШС мен HMS Bergbau AG арасындағы Шығыс Қазақстандағы күрделі сирек металл кендерін барлау, өндіру және өңдеу жобасын инвестициялау және әзірлеу туралы келісім;
  9. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «STUWA Gmbh» арасындағы ұңғыма жабдықтарын, ПВХ құбырларын өндіру жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
  10. «ҚазАзот» АҚ мен DB Cargo Eurasia GmbH арасындағы тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  11. «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС мен «AMK Global» арасындағы қалдықтарды өңдеу және зиянды түтін газдарын тазарту, СО2 залалсыздандыру және көміртекті талшықтарды өндіру жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандум;
  12. «Жасыл Даму» АҚ мен «AMK Global» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  13. «Alatau HydroCascade» ЖШС мен Maple Ventures GmbH арасындағы Алматы облысында ГЭС каскадын салу жобасын бірлесіп жүзеге асыру және ынтымақтастық туралы меморандум;
  14. «Ғылым қоры» АҚ мен «GS Kazakhstan» арасындағы топырақ қоспаларын өндіру жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы негіздемелік келісім;
  15. Сәтбаев Университеті мен «Siemens Kazakhstan» ЖШС арасындағы аддитивті технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы ниет туралы келісім;
  16. «КазКаучук» ЖШС мен «Innari Innovation» арасындағы суару техникасын өндіру жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандум;
  17. «SKIFMAN» ЖШС мен Maple Ventures GmbH арасындағы киім өндірісі жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандум;
  18. Қызылорда облысының әкімдігі, «EuroGlass Industries» ЖШС және Horn GmbH арасындағы шыны ыдыстарды өндіру жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
  19. Қызылорда облысының әкімдігі, «Samga Eurotrade» ЖШС және Medal Verwaltungs GmbH арасында талшықты цемент, газдалған бетон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру үшін көпфункционалды инновациялық индустриялық парк құрылысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
  20. «KamLit KZ» ЖШС, «Индустриялық даму қоры» АҚ және EMAG Gruppe GmbH арасындағы станоктарды жеткізу туралы шарт.
  21. «SARYARKA Polymetals» ЖШС, Nordstorm Switzerland AG және DEB Deutsche Erze Beteiligungs AG арасындағы «Алашпай» кен орнында байыту зауытын салу туралы келісім;
  22. «Gold Mining Corp.» ЖШС, DEB Deutsche Erze Beteiligungs AG және Nordstorm Switzerland AG арасындағы алтын өндіру зауытының құрылысы туралы келісім;
  23. «Астана-Энергия», Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы және «AMK Global» компаниялары арасында зиянды түтін газдарын тазарту, СО2 бейтараптандыру және көміртекті талшықтарды өндіру кешенін салудағы ниет туралы келісім.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге