Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның «Green Energy & Waste Recycling Forum - 2019» IV Еуразиялық бизнес-форумы аясында таныстырылымы

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның «Green Energy & Waste Recycling Forum - 2019» IV Еуразиялық бизнес-форумы аясында таныстырылымы

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілі Әлия Салимжуарова «Green Energy & Waste Recycling Forum - 2019» IV Еуразиялық бизнес-форум аясында ұлттық компаниясы жұмысының басты бағыттары мен инвестициялық жұмысының мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

«Бүгінгі күні «Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік инвесторлармен байланысын жүйелеп, жаңа жұмыс тәсілдемелер еңгізілді, сондай-ақ жұмысының 4 басым бағыттары анықталды», - деді спикер.

Осылайша, бірінші бағыт бойынша компания инвестицияларды тартудың жаңа «белсенді» тәсілдерін жасады. «Жаңа инвесторларды, әсіресе трансұлттық компанияларды, тартудың негізгі шарттарының бірі - нақты ұсыныстардың болуы, яғни халықаралық стандарттарға сай дайындалған жобалар. Өткен жылы Deloitte және PwC компанияларымен бірлесіп инвестицияларды қажет ететін шамамен 70 жобаны таңдалып дайындалды», - деп түсіндірді Әлия Салимжуарова.
Келесі қадамда біз «мақсатты» компанияларды анықтаймыз. Бұл үшін ««Kazakh Invest» ҰК» АҚ 20 елден астам 440 шетелдік компаниялардың, оның ішінде 177 ТҰК, тізімін жасады.

«Жұмыстың екінші бағыты - жобаны әзірлеуден бастап іске қосуға дейін жан-жақты қолдау», - деп жалғастырды баяндамашы. Оның айтуынша, бүгінгі күні шетелдік инвесторлардың қатысуымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның ақпараттық мониторингтік жүйесінде шамамен $40 млрд болатын 185 жоба бар. Бұл жобалардың барлығын тиімді мониторинг жүргізу үшін заманауи CRM жүйесі әзірелді.

Инвестициялық климатты және Қазақстанның имиджін шетелде жылжыту - компанияның үшінші бағыты. «Мысалы, 2018 жылы invest.gov.kz Бірыңғай ұлттық инвестициялық интерактивті интернет-ресурсы жаңа форматта іске қосылды», - деді Әлия Салимжуарова.

Төртіншіден, инвесторларға сервистік қолдау көрсету. «Біздің компания инвесторларға визалық және көші-қон саласында қолдайды, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау және мемлекеттік қызметтерді алу шаралары бойынша консультациялар жүргізілуде», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге