Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» Басқармасының төрағасы қазақстандағы «Mitsubishi Ufj Financial Group» өкілдігінің басшысымен кездесті

«Kazakh Invest» Басқармасының төрағасы қазақстандағы «Mitsubishi Ufj Financial Group» өкілдігінің басшысымен кездесті

«Kazakh Invest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев  Қазақстандағы «Mitsubishi UFJ Financial Group» өкілдігінің қайта тағайындалған басшысы Ешихиро Уцумимен кездесті. Кездесуге өкілдіктің бұрынғы басшысы Хидеюки Асано да қатысты. 

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл  перспективаларын, сондай-ақ таяу уақытта Жапонияда өтетін Қазақстанға арналған инвестициялық семинарды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. «Kazakh Invest» тарапынан жапондық компанияларға ҚР аумағында нақты инвестициялық жобаларды қарау ұсынылды.

Анықтама: 
Mitsubishi UFJ Financial Group, Inc (MUFG) –   ірі жапондық банктік және қаржылық холдингтік компания, 2,5 триллион  доллар сомасында автивтері бар.  «Global Finance» журналының нұсқасы бойынша 2018 жылғы үздік корпоративтік банк.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге