Баспасөз релиздері

Polymetal Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асыруда

Polymetal Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асыруда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Павлодар» АЭА аумағында «Polymetal» халықаралық алтын өндіруші компаниясының «Ертіс гидрометаллургиялық зауыты» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Қазақстан үшін осы ерекше жобаға, Polymetal 343 млрд теңгеден астам инвестиция құяды. Жаңа кәсіпорынның құрылысы облыста 500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

ЕГМЗ перспективалы жоба болып табылады, оның шеңберінде шикізаттың осы түрін өңдеудің ең экологиялық таза технологиясы - автоклавты тотығуды пайдалана отырып, құрамында алтыны бар концентраттарды өңдеуге арналған әмбебап кешен салу жоспарлануда.

Жобаны жүзеге асыру барысында жер телімін игеруге қатысты сұрақ туындады. KAZAKH INVEST бұл мәселені Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жетекшілік ететін Инвестициялар жөніндегі штабтың қарауына енгізді. Инвестициялық штабтың мәселені қарау нәтижесінде оң шешім қабылданып, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Анықтама:

Инвестициялық штабтың негізгі міндеттері кедергілерді жою және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету болып табылады. Екі аптада бір рет орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ Бас прокуратура мен KAZAKH INVEST өкілдері инвесторлардың проблемалық мәселелерін талқылап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын қарастырады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге