Баспасөз релиздері

Варшавада Польша-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық күндері өтті

Варшавада Польша-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық күндері өтті

Ағымдағы жылдың 24-25 ақпанында Кельцтегі Көрме орталығы және Польша-Қазақстан сауда-өндірістік палатасы  ҚР Варшавадағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Польша-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық күндері» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырды. Аталған вебинармақсатты аудиториясы Польшаның кәсіпкерлері болып табылатын«Targi Kielce» Facebook арнасында (29 000 жазылушысы бар) тікелей көрсетілімімен өтті.

Іс-шарада Қазақстанның Польшадағы Елшісі Ә.Қирабаев, Польшаның Қазақстандағы Елшісі С.Хазбиевич, Польша–Қазақстан сауда-өндірістік палатасының президенті П.Гузовский, Кельц қаласындағы Көрме орталығының Басқарма Төрайымы А.Мохань, Польшаның Даму және технологиялар министрлігінің басқарма басшысы А.Милота, KAZAKH INVEST Еуропадағы өкілі У.Сарыбаева сөз сөйледі.


Қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы және даму перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының және «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласының негізгі тезистерімен, сонымен қатар  ҚР Үкіметі жаңа жағдайда халық пен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шараларымен танысты. 

Баяндамаларда геостратегиялық жағдай, транзиттік және логистикалық әлеует, бай ресурстық база, халықаралық сауда және инвестициялық келісімдер, сондай-ақ негізгі әлемдік нарықтарға қолжетімділік сияқты ҚР инвестициялық артықшылықтары атап өтілді.

Польша қатысушылары Қазақстандағы бизнес және инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі шараларды жоғары бағалап,  ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

Вебинар барысында қазақстандық және поляк музыкасы, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті танысуға ұсынылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге