Баспасөз релиздері

Дубайда «Annual Investment Meeting»-те Қазақстанның павильоны ұсынылған

Дубайда «Annual Investment Meeting»-те Қазақстанның павильоны ұсынылған

Дубаи қ. Дүниежүзілік сауда орталығында сәуірдің 9 мен 11 аралығында «Annual Investment Meeting» халықаралық конференциясы өтеді. «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетіп, іскерлік кездесулерді өткізу мүмкіндігімен қазақстандық павильонды ұсынды.

Annual Investment Meeting (AIM) әлемде халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың диалогтық алаңшасы ретінде әйгілі, ірі жыл сайынғы инвестициялық конференция болып табылады. Инвестициялық конференцияның бағдарламасы цифрландыру саласының қимасында, индустрия 4.0, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және инвестицияларды тарту бойынша әлем стратегияларының тақырыптарында бір қатар пленарлық сессияларды қамтиды.

«Қазақстан мен БАӘ-нің қатынастарының тарихы үлкен. Біз осы биылғы іс-шарада қазақстандық делегацияны қарсы алуға қуаныштымыз. АІМ көрмесінің басшылығы Қазақстанның делегациясына кездесуді сәтті өткізу үшін қолдау көрсетуге дайын. Бұл Қазақстанға трансұлттық компанияларды тартуға арналған үлкен платформа. Біз сіздердің осы іс-шарадан барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгендеріңізді қалаймыз», - деді «Annual Investment Meeting» президенті Дауд Аль Шезави.

Қазақстандық делегацияны 15-тен аса ірі отандық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері ұсынады.

Бұдан басқа, форумның алаңдарында 141 шет елдерінің қатысуымен елдік павильондардың көрмесі өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы павильонының аумағында шет елдерінің бизнес қоғамдастықтарымен елге инвестицияларды тартуға қатысты екі жақты кездесулерді өткізу мүмкіндігімен «Kazakh Invest» ұлттық көрме павильонымен ұсынылған.

«Біз Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында Қазақстан павильонына бардық, өйткені естуіміз бойынша Қазақстанда бизнес пен нарық өте дамыған және біз Сіздердің еліңіздерінде бизнесіміздің болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша бизнес серіктестерді іздеудеміз, әсіресе Таяу Шығыста, Италияда, Қазақстанда, Ресейде.Біз Дубаида дамып келе жатырмыз және бізге жаңа серіктестермен бизнесті ашу керек», - деп айтты қазақстандық павильонына келуші, «AT WORLD Holding» компаниясының өкілі Махмуд Шалаш.

«Қазақстан Республикасы мен үшін әрқашан қызық болатын. Қазақстанда украиндік бизнес өте көп, көптеген украиндіктер жұмыс істеп жатыр, яғни қарым-қатынас жеткілікті жақсы, сондықтан мен павильонға Қазақстандағы doing business процестері туралы көбірек білу үшін келдім, және мүмкін біз  ортақ түйісу нүктелерімізді табамыз», - деп «Task Force» украинлақы компанияның басшысы  Станислав Горбачевский белгілеп өтті.

«Kazakh Invest» ұйымдастырған Қазақстан павильонының жұмысы Дубайда «Annual Investment Meeting»  екінші өткізу күні бүгін де жалғасады. Одан басқа, бүгін Қазақстанның АІМ сессиясының аясында инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы, сонымен қатар «Kazakh Invest» басшылығының ең ірі араб компанияладың өкілдерімен бір қатар екі жақты кездесулерді өткізу жоспарланған. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге