Баспасөз релиздері

Orzax компаниясы Қазақстандағы жобаны пысықтау үшін ЕҚДБ қаржыландыруын тартты

Orzax компаниясы Қазақстандағы жобаны пысықтау үшін ЕҚДБ қаржыландыруын тартты

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың шілде айында Orzax басшылығымен өткізген кездесуі қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар аясында компания Қазақстанда өндірістік және логистикалық хаб құру жөніндегі инвестициялық жобаны пысықтауға кірісті. Осы келісімдердің жалғасы ретінде Orzax Central Asia еншілес компаниясы Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Келісім Түркістан облысында тағамдық қоспалар өндіретін greenfield-кәсіпорын құру жобасын қолдау үшін ЕҚДБ тарапынан 25 млн еуроға дейінгі көлемде қаржыландыру ұсынуды көздейді. Жоба Orzax компаниясының алғашқы халықаралық өндірістік алаңы ретінде және Орталық Азия мен іргелес өңірлер нарықтарындағы қатысуын кеңейту стратегиясының элементі ретінде қарастырылады.

Orzax компаниясының негізін қалаушы әрі төрағасы Ахмет Алимоглу Қазақстанды экспортқа бағдарланған өндірісті локализациялау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және халықаралық сапа стандарттарын енгізу үшін перспективалы платформа ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ЕҚДБ-мен өзара іс-қимыл жобаны құрылымдауда және орнықты қаржылық модель қалыптастыруда маңызды кезең болып табылады.

Еуропалық қайта құру және даму банкінде Қазақстан Банктің негізгі қызмет бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Елдегі қызметін бастағаннан бері ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 342 жобаға 10,2 млрд еуродан астам инвестиция салды, оның басым бөлігі жеке сектор мен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Банк экономиканы әртараптандыруға және жергілікті өндірісті дамытуға ықпал ететін стратегиялық бастамаларды қолдауды жалғастыруға ниетті.

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы Қазақстандағы Orzax бастамасын сүйемелдеп, мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіруде, сондай-ақ жобаны дайындау және құрылымдау кезеңінде инвесторға қолдау көрсетуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге