Баспасөз релиздері

Таяу Шығыстағы ең ірі фармацевтикалық холдингтердің бірі Қазақстанда зауыт салуды жоспарлап отыр

Таяу Шығыстағы ең ірі фармацевтикалық холдингтердің бірі Қазақстанда зауыт салуды жоспарлап отыр

Астанада Қазақстанда фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын әзірлеу мақсатында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали мен Директорлар кеңесінің төрағасы Олфат Гораб бастаған мысырлық ACDIMA холдингінің делегациясы арасында кездесу өтті.

1.jpg

Египет тарапынан делегация құрамына EIPICO директорлар кеңесінің төрағасы Ахмад Килани, MUP төрағасы Ахмед Лила, SEDICO Pharmaceuticals төрағасы Али Гамрауи, October Pharma төрағасы Хишам Абдель Азиз және басқалар кірді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, мемлекеттік қолдау шараларын және фармацевтика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалық бағыттарын талқылады. Мысыр тарапы фармацевтикалық өнімдердің ауқымды өндірісін құруға мүдделілігін білдірді. Жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде Қазақстанның бірқатар өңірлері қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мысырлық инвесторлар жергілікті серіктесті таңдауда.

3.jpg

ACDIMA директорлар кеңесінің төрағасы Олфат Гораб компанияның қолайлы инвестициялық ахуалы, ыңғайлы орналасуы және еуразиялық аймақтың ірі нарықтарына қолжетімділігі арқасында кәсіпорын ашу үшін Қазақстанды таңдағанын атап өтті. Оның айтуынша, компания жобаның әлеуметтік маңыздылығын жақсы біледі және компанияның технологиялар трансфертіне және жергілікті кадрларды оқытуға, оның ішінде шет елдерде тағылымдамадан өтуге дайын екенін атап өтті.

2.jpg

KAZAKH INVEST басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали мысырлық компанияға Қазақстанда өңірлік хаб ашуды, кейіннен жақын маңдағы елдерге өнімдерін экспорттауды ұсынды. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы фармацевтикалық өнімдердің ішкі нарығы шамамен 2 миллиард долларды құрайтынын, оның 16 пайызы ғана елімізде өндірілетінін ескерсек, импортты алмастырудың зор мүмкіндіктеріне тоқталды. Жандос Темірғали мысырлық компанияның жобасы елдер арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды нығайту үшін, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларын ескере отырып, ерекше маңызға ие екенін қосты.

Анықтама:

ACDIMA — 1976 жылы негізі қаланған, фармацевтикалық өнімдер мен медициналық жабдықтар шығаруға маманданған мысырлық холдинг. ACDIMA-ның жылдық өндірісі 40-тан астам фармацевтикалық топтарды, сондай-ақ 1200-ге жуық тіркелген дәрілік атауларды қамтитын 600 миллион бірліктен асады. ACDIMA өнімдері әлемнің 80 елінде ұсынылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге