Баспасөз релиздері

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына 797 жоба кірді

Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына 797 жоба кірді

Ағымдағы жылдың сәуір айында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстанда инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы құрылды, деп хабарлайды KAZAKH INVEST баспасөз-қызметі.

Пул әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың жалпы сомасы 30 триллион теңгеге жуық 797 жобасынан тұрады және 130 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді. Тізімге экономиканың шикізаттық емес салаларындағы құны 500 миллион теңгеден асатын шетелдік және отандық кәсіпкерлердің жобалары енгізілген.

Барлық жобалардың тізімі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, салалық орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ресми веб-сайттарында орналастырылды. Жоба туралы ақпарат тоқсан сайын жаңартылып отырады.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында, экономиканың басым салаларына шетелдік инвестицияларды тартып, инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Аймақтық және шетелдік өкілдердің кең желісіне ие «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды қолдау бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге