Баспасөз релиздері

Цюрихте конференцияға қатысушылар «Жаңа жібек жолы» Қазақстанға айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктер беретінін айтты

Цюрихте конференцияға қатысушылар «Жаңа жібек жолы» Қазақстанға айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктер беретінін айтты

Цюрихте (Швейцария) швейцариялық-қытайлық сауда палатасымен әріптестікте «Бір белдеу – бір жол» (BRI) ұсынысының көмегімен жаңа инфрақұрылым, энергетика және сауда байланыстарын құру әлеуетіне арналған «Жаңа жібек жолы» үшінші форумы ұйымдастырылды.

Форумда сөз алған «KAZAKH INVEST» директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі және Инвестицияларды тарту және қолдау комитетінің төрағасы Франсуа Бернард «Жаңа Жібек Жолы» Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне баса назар аударатынын атап өтті.

Франсуа Бернард Қазақстанда негізгі инфрақұрылымдық және қаржылық жобалар өңірлік сауда-саттықты қалай жеңілдететініне, Қазақстан «белдіктегі тоға» аталатын «Жаңа жібек жолында» стратегиялық буын ретінде жайғастырылғанына тоқталды.

Бұдан басқа, жиналғандардың сұрақтарына жауап бере келе, М. Бернард «Астана» халықаралық қаржы орталығы қаржы орталығы ретінде инвесторларға қаржылық және заңгерлік аспаптар беру көмегімен BRI дамытуға ықпал ететінін айтты.

Бернард мырза «KAZAKH INVEST» - Қазақстанның инвестицияларды қолдау және жылжыту агенттігі қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, энергетика, логистика, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, мұнай-химияны қоса алғанда, секторлардың кең спектрінде халықаралық инвесторларға қолдау көрсететінін атап өтті.

Қатысушыларға Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобалар «Жаңа Жібек Жолының» өсуін нығайтып, өңірлік бизнестің кең ортасының дамуына, гүлденуіне жәрдемдесіп жатқаны жайлы да айтып өтті.

«Жаңа Жібек Жолының» дамуы Қазақстан арқылы Еуропадан Азияға бет алған жүк контейнерлерінің санын елеулі ұлғайтуға алып келді. 2020 жылы Қазақстан арқылы шығатын жүк контейнерлерінің саны шаммен 550 000-нан 1,7 миллионға дейін артады деп күтілуде. 200 000-нан астам қосымша жұмыс орны құрылады және таяу 5 жылда Қазақстандағы инфрақұрылымға инвестиция көлемі 7 миллиард долларға жуықты құрайтын болады деп күтілуде.

 

Қытайлық-қазақстандық шекарада орналасқан «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты қазіргі уақытта «Жаңа жібек жолында» негізгі логистикалық торапты қамтиды. Порт арқылы күн сайын Еуропаға жолда және оның шегінде 16 000-нан астам контейнер өтеді.

Бернард мырза швейцариялық компанияларда Қазақстанның пайдаланылмаған әлеуетіне инвестициялау үшін «керемет мүмкіндіктер» ауқымы бар екенін, «KAZAKH INVEST» өзінің инвестициялық сапары уақытында бизнесті жан-жақты қолдауға жәрдемдесетінін атап өтті.

Қосымша: Франсуа Бернард - халықаралық инвестициялық қызметке маманданған SONECOM өндіру және технология жөніндегі басқарушы директор және директор. Ол «Kazakh INVEST» директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Инвестицияларды тарту және қолдау комитетінің төрағасы.

Швейцарияның Біріккен Сауда палатасы – ТМД/Грузия (БСП) Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады. Конференция Швейцариялық-Қытайлық сауда палатасымен (SCCC) әріптестікте өткізілді. Форум: «Жаңа Жібек Жолы III форумы – «Бір белдеу – бір жол (BRI)» қытайлық бастама: Қытайдан Ресей, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропаға жаңа инфрақұрылым, энергетикалық және сауда байланыстарын құру» аталды. Ол Цюрихте 2018 жылғы 18 қыркүйекте «OBC-Suisse AG» өтті.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге