Баспасөз релиздері

Инвестициялық жобалардың басым көпшілігі Алматы облысында іске асырылуда. Өңір шетелдік инвесторларды белсенді тартуда

Инвестициялық жобалардың басым көпшілігі Алматы облысында іске асырылуда. Өңір шетелдік инвесторларды белсенді тартуда

Шетелдік инвесторлар Алматы облысында жақын жылдар ішінде жалпы сомасы 3,8 млрд. долларды құрайтын 34 инвестициялық жобаны іске асырады. Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 10 жоба іске қосылады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен орындалатын барлық жобалар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ компаниясының қолдауымен пысықталуда. Компанияның мониторингтік жүйесі бүкіл ел бойынша барлығы 170-ке жуық жобаны есептейді.

Бүгінгі күні өңірде KAZAKH INVEST қолдауымен шетелдік қатысуы бар бірқатар жобалар сәтті іске асырылып жұмыс істеуде, олардың ішінде, Wilo Central Asia өндірістік кешені, «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС майлау материалдарын өндіру жөніндегі зауыты, сондай-ақ, «Eneverse Kunkuat» ЖШС қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы.

Құны 5 миллион долларды құрайтын Wilo Central Asia ЖШС зауыты 2018 жылы іске қосылды. Бүгінгі күні зауыт 2000 кв.м астам ауданда орналасып сорғылау жүйелерін, сондай-ақ, консольді, блоктық және ұңғыма сорғыларын өндіру және тестілеу жөніндегі жоғары технологиялық орталықтан, жобалаушылар мен инженерлерге арналған заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген оқыту орталығынан, және коммуналды-тұрмыстық шаруашылықтар үшін жеке шешімдер мен технологиялары бар қызмет көрсету орталығынан тұрады. Компания денсаулық сақтау объектілері мен Қорғаныс министрлігіне, кеңселік және оқыту мекемелеріне, спорттық ғимараттарға, сондай-ақ, коммуналды-тұрмыстық шаруашылық ұйымдарына жабдықтар жеткізеді.

«Біздің «Wilo Central Asia» зауытына салынған инвестициялар Wilo компаниясын өңірлендіру жөніндегі жаһандық стратегияның бөлігі болып табылады. Бұл біздің Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Орталық Азия өңіріндегі орнымызды нығайтады, - деді Wilo SE Басқарма Төрағасы  Оливер Гермес. – Қазақстан байланыстырушы түйін іспеттес, өңірдегі жалпы іскерлік белсенділікті одан ары кеңейтуге арналған тұғыр ретінде қызмет етеді. Қазақстан тиімді стратегиялық орналасуы себебінен, Азия мен Еуропа арасындағы мәдени және экономикалық көпірді құру бойынша зор әлеуетке ие. «Бір белдеу - бір жол» және «Владивостоктан Лиссабонға дейінгі бірыңғай экономикалық кеңістік» сияқты жобалар Орталық Азияның экономикалық дамуына және өңірдің әлемдік экономикаға интеграциялануына септігін тигізеді».

Биылғы жылы WILO компаниясы Қазақстандық нарықта болуының 20-жылдығын атап өтті. 1872 жылы негізі қаланып, жоғары технологиялы сорғылау жүйелерін өндіру және жеткізу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын компанияның штаб-пәтері Германияда, ал оның 60 еншілес ұйымдары әлемнің 50 елдерінде орналасқан. Wilo жалпы табысы әлем бойынша 2018 жылы 1,46 млрд. еуродан артық соманы құрады.

«Біз үшін Қазақстан келешегә зор өңір болып табылады және Wilo Central Asia жаңа өндірістік кешені - компанияны дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Бұл бізді тұтынушыларымызға жақындатады, оның ішінде Монғолияны қоса алғанда, Орталық Азияның барлық елдерін қамтитын болады. Өндірістік кешенге 4 млн. еуродан астам қаржы салынды. Бұл бірінші, алайда біз жоспарлап отырған өңірдегі салымдардың ең үлкені емес.  «Wilo Central Asia» зауыты 1,5 жыл ішінде салынды. Кешен құрылысы жоғарғы халықаралық экологиялық стандарттар бойынша салынды: Wilo компаниясы «жасыл» құрылыстың халықаралық сертификаттау жүйесінде «өнеркәсіптік өндіріс» санаты бойынша республикадағы бірінші Алтын деңгей сертификатын (LEED) алды.  Бұл қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейі мен күшінің арқасындағы мүмкін болды», - деп атап өтті компанияның Еуразия өңіріндегі вице-президенті Йенс Даллендоерфер. 

«Лукол Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС Қазақстанда жылдық қуаттылығы 100 мың майлау материалдарын өндіру жөніндегі зауытты ұсынады. Зауыт Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан. Аталған саладағы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып құрылған бірегей кәсіпорынға инвесторлар
94 млн. АҚШ долларына салды. Бүгінгі күні зауытта 200-ге жуық жұмыс орны құрылған, оның ішінде  90%-ы қазақстандық азаматтар. Зауыт СТ КЗ сертификатын алды және өнімді Орталық Азия елдеріне экспорттауға кірісті.

«Лукойл» компаниясы өзінің өндірістік үдерістерін және өнімді өткізу арналарын оңтайлы интеграциялауға аса назар аударады. Қазақстандағы алаң оның оңтайлы орналасуы себебінен анықталды, яғни Қытайға, Ресейге темір жолдарының және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көліктік дәлізінің, сондай-ақ, майлау материалдарының негізгі тұтынушыларына  жақын орналасуы ықпал етті”, - дейді компанияның басты экономист-қазынашысы және бас директордың міндетін атқарушысы Роман Гриднев. - Орталық Азия өңірінің өнеркәсіптік және барлау компаниялары, темір жол компаниялары мен көлік әуесқойлары біздің өнімнің негізгі тұтынушылары. Бүгінгі күні компания Қазақстандағы майлау материалдары нарығының 10%-ға жуығын алады және біз орташа мерзімдегі келешекте бұл үлесті 25%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз». 

«Қазақстандағы инвестициялық климат қолайлы деп есептейміз. Зауытты салу барысында біз Қазақстан Республикасының жергілікті де, ұлттық та деңгейіндегі мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет етудің жақсы тәжирибесін алдық», - деп бөлісті Гриднев мырза.

Қапашағай қаласында орналасқан қуаттылығы 100 мвт күн электр станциясы («Eneverse Kunkuat» ЖШС) ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Бүгінгі күні Қазақстандағы ең ірі күн парктерінің бірі. Күн электр станциясы көмірқышқыл газының атындысын жылына 150 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жыл сайын электр станция 160 млн кВт сағ электр энергия өндіретін болады. Жобаның жалпы құны 27,7 млрд теңге.

Компания атап өткендей, ЖЭК өндірушілеріне Үкімет ұсынатын шарттар ҚР-да жасыл энергетиканың дамуын ынталандырады, сондай-ақ, шетелдік инвестициялардың тартылуына жағдай жасайды.

Қазақстанда компания іске асырып жатқан жобалардың жалпы қуаттылығы -
300 МВт. Іске қосылған «Нұрғиса-100 МВт» КЭС басқа, бірлескен кәсіпорын Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстарында ЖЭК өндіру жөніндегі жалпы қуаттылығы 380 МВт құрайтын қосымша 5 жобаның іске асырылуын жоспарлап отыр.

«Барлық үш инвестициялық жоба біздің KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының тікелей сүйемелдеуімен  іске асырылды», - деп атап өтті компанияның Алматы облысы бойынша өңірлік өкілдігінің директоры Дарья Овсянникова. - Біз шетелдік инвесторлармен жұмыс істеудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастырдық. Алдымен, жобаның идеясы пайда болады, бұдан кейін біз Қазақстан және оның инвестициялық мүмкіндіктері, оның ішінде салықтар мен басқа шарттар туралы негізгі ақпаратты ұсынамыз, инвестордың біздің өңірге сапарын ұйымдастырамыз, жобаны «қондырып» алаңды таңдаймыз, қажетті құжаттар ұсыну жөнінде және тағы сол сияқты  кеңестер өткіземіз. Яғни, біз инвестициялық жобаның іске асырылуы сәтті өтуі үшін барлық жағдайларды жасаймыз. Біздің міндет инвестордың Қазақстанда жобаны іске асыруды бастаған кезден және оны іске қосқаннан кейінгі кезеңдерде одан арғы салымдары, жаңартулары жөнінде ойлануы үшін өзін қолайлы сезінуіне негізделеді. Мысалға, қазіргі уақытта Іле ауданында 50 МВТ электр станциясының екінші кезегі салынуда. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша мониторингтік жүйеде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 3,8 млрд. долларды құрайтын 34 жоба тіркелген. Қазақстан бойынша шетелдік қатысуы бар 168 жоба тіркелген. Жобалардың басым бөлігі Алматы облысына тиесілі. Күн сайын жаңа инвесторларды тарту жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайын біздің инвестициялық көрсеткіштер 30%-ға артуда».

KAZAKH INVEST өкілі атап өткендей, өңірдегі құнарлы жерлер мен қолайлы табиғи климат инвесторлардың агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларға қызығушылық білдіруіне ықпал етеді. Себебі, біздің елде өндірілген өнім өзінің табиғи құрамы мен экологиялылығының арқасында Еуропа нарықтарында зор сұранысқа ие. Сонымен бірге, облыс логистика саласында өткізу нарығы ретінде зор әлеуетке ие – өңірде 2 млн. жуық адам тұрады, Алматы қаласында қосымша 2 млн. адам мекен етеді, сондай-ақ, өнімді шығыста ҚХР, оңтүстікте Қырғызстанға экспорттауға мүмкіндік бар. 

Өңірде зор туристік әлеует те бар. Бұл жердегі алуан түрлі ландшафттық аймақтарды көру мүмкіндігіне қолжетімділік облысты бірегей етеді, шетелдік туристтер мен жергілікті тұрғындар ұлттық қорықтар, Шарын коньоны, көлдер сияқты көркем, әдемі жерлерді атап өтеді. Өңірдегі туристік ағын жыл сайын артуда. Бұдан басқа, Алматы өңірі жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін барлық ресурстық қорларға ие, мәселен, Қазақстанның барлық гидроэнергия қорларының жартысынан көп бөлігі осы өңірде орналасқан. Облыста жел энергиясын өндіру үшін қолданылуы мүмкін әйгілі Жоңғар қақпасы, Шелек дәлізі орналасқан. Сонымен бірге, күн энергиясын өндіру саласында да мүмкіндіктер бар. Бұл «жасыл» технологияларға өту жөніндегі жаһандық тенденцияға сәйкес келеді. 

«Біз көптеген елдер инвесторларының белсенділігін байқаймыз, себебі Қазақстан өзінің трансшекаралық орналасуына байланысты бизнес жүргізу үшін мінсіз алаң болып табылады. Мысалы, біз Германияның инвесторларымен белсенді жұмыс істейміз, себебі, олардың алдыңғы қатарлы технологиялары біздің елді қызықтырады. Жергілікті және шетелдік инвесторлардың құқықтары тең болуына байланысты, шетелдік бизнесмендер де Қазақстанға сенім білдіретінін атап өтемін. Сондықтан да, олар мұнда құқықтарының сақталатынына сенімді», - деп тамамдады Дарья Овсянникова.

Биылғы жылы облыста барлығы 10 жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр, оның ішінде, облыстың Кербұлақ ауданында цементті құрғақ әдіспен өндіру жөніндегі зауыт құрылысы. Бүгінгі күні өңірде 20-дан астам трансұлттық компаниялар қызмет етеді, бұл инвесторлардың сенімін куәландырады. Осылайша, әрекет етуші тәжірибе көрсетіп отырғандай, қолданыстағы қолайлы инвестициялық, салықтық режим және басқа тетіктер инвесторлардың тиімді қызмет етуіне арналған. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге