Баспасөз релиздері

Вашингтонда Каспий өңірі елдерінің жаңартылатын энергетикаға көшу мәселесі талқыланды

Вашингтонда Каспий өңірі елдерінің жаңартылатын энергетикаға көшу мәселесі талқыланды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Вашингтондағы Каспий саяси орталығы («Caspian Policy Center») ұйымдастырған онлайн-пікірталасқа қатысты.

«Caspian Policy Center» бас директоры Эфган Нифтидің айтуынша, әлемдік нарықтардың құбылуына және энергияға жаһандық сұраныстың артуына байланысты пайда болған жаңа нарықтар мен өнеркәсіптің жаңа салаларына Каспий аймағының жел, күн және гидроэнергетикалық әлеуеті көмекке келуі әбден мүмкін.

Талқылауға сондай-ақ Атлантикалық кеңестің Жаһандық энергетика орталығының аға ғылыми қызметкері, доктор Роберт Айкорд, IFC Халықаралық қаржы корпорациясының (Дүниежүзілік Банктің бөлімшесі) Өңірлік бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Ажар Икбал Хусейн және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали қатысты. Модератордың қызметін «Caspian Policy Center» аға ғылыми қызметкері Брюс Панниер атқарды.

Талқылауға қатысушылар Каспий өңірінің қарқынды дамып келе жатқан әлемдік энергетикалық нарыққа қолжетімді және тұрақты түрде қалай тиімді ауыса алатынын және өңір елдері өздерінің энергетикалық портфелін әртараптандыру кезінде қандай проблемаларға тап болуы мүмкін екендігін талқылады.

Мәселен, маңызды шарттардың бірі өңір мемлекеттерінің жалпы және үйлесімді жұмысы, жаңа технологиялар және тәжірибелермен алмасу болып табылады. Сонымен қатар, электр энергиясын тасымалдау және сақтау мәселелері шешуші болып қала бермек.

КП-1.jpg

Жандос Темірғали Каспий өңірінің жаһандану үшін айрықша маңызы мен орасан зор инвестициялық әлеуеті бар екенін айтып өтті.

«Қазақстан ЖЭК дамуының заңнамалық және реттеуші базасын қалау бойынша орасан зор жұмыс атқарды, содан кейін ғана аукциондардың транспарентті жүйесі кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы белгіленген қуаты шамамен 2,4 ГВт болатын 140-тан астам ЖЭК нысаны жұмыс істейді, бұл елдің электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесін 4,6% - ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаcына сәйкес біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниеттіміз. Сонымен қатар, біз Жасыл сутекті өндіру бойынша бірнеше серпінді жобаларды іске қосудамыз, және де оларды Еуропалық Одаққа да экспорттау жоспарда бар. Жаһандық энергетикалық ауысу үшін қажетті аккумулятор өндірістерін құру үшін стратегиялық минералдарды бірлесіп әзірлеу де үлкен перспективаға ие», - деді Жандос Темірғали.

Пікірталас Каспий өңіріндегі жаңартылатын энергия көздері секторындағы алдағы мүмкіндіктер мен проблемалар туралы құнды ақпарат берді. KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы өңірдегі жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін ашу мақсатында саланың басқа көшбасшыларымен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.

Анықтама:

Caspian Policy Center – Вашингтонда (Колумбия округі) орналасқан тәуелсіз коммерциялық емес зерттеу орталығы. Орталық Каспий өңіріндегі экономикалық, саяси, энергетикалық мәселелерді зерттеумен айналысады.

2016 жылы негізі қаланған Орталық Каспий өңірінің дамуын жан-жақты қалыптастыру үшін өңірде тиісті басылымдар, іс-шаралар және жобаларды қолға алып зерттеулер мен пікірталастарға арналған негізгі алаңға ұмтылады. Инклюзивті, ғылыми және инновациялық тәсілдің арқасында Каспий саяси орталығы осы өңір мен Америка Құрама Штаттарының академия, бизнес және саяси әлем өкілдеріне әртүрлі мәселелерді шешуге арналған өзара іс-қимыл платформасын ұсынады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге