+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

Мұхтар Тілеуберді Словакия мен Мажарстан инвесторларын ынтымақтастыққа шақырды

Мұхтар Тілеуберді Словакия мен Мажарстан инвесторларын ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Словакия мен Венгрияға сапарлары барысында ірі жергілікті компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар әріптестікті одан әрі арттыруға және кеңейтуге өзара дайындығын білдірді. Шетелдік бизнеске Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары ретінде машина жасау, қорғаныс индустриясы, инжиниринг және инфрақұрылымдық даму, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика, озық цифрлық технологиялар және "Индустрия 4.0" элементтерін енгізу белгіленді.

«Tungsgram Operations Kft» өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша компания көшені LED-жарықтандыру жабдықтарын шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыруға қызығушылық танытты. Венгр компаниясы сондай-ақ «5G» технологияларын пайдалана отырып, SMART-жарықтандыруды енгізу мүмкіндіктерімен таныстырды.

Сонымен қатар, «ColosseoEAS» компаниясымен келіссөздер барысында тараптар Қазақстан аумағындағы инвесторлардың ағымдағы қызметі мәселелерін талқылады. Осылайша, инвесторлар келіссөздер жүргізіп, Қазақстан қалаларында бірнеше спорт нысандарын қайта құру бойынша бірқатар МЖӘ жобаларын іске асыруда. Сондай-ақ, инвесторлар Нұр-Сұлтан қаласында жарықдиодты панельдерді өндіру бойынша жобаны пысықтауды бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Heneken», «CEIT», «DB Biotech», «UBM Group» және т.б. компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Компаниялар қатерлі ісік жасушаларын ерте кезеңде анықтау және диагностикалау бойынша антиденелерді құру, электр батареяларын, құрама жемді өндіру, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібінде автоматтандыру және цифрландыру жүйесін енгізу бойынша озық тәжірибені зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда.

Кездесулерге Қазақстанның Братислава мен Будапешттегі елшіліктерінің, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің және KAZAKH INVEST өкілдері қатысты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге