Баспасөз релиздері

Металлургия, химия және машина жасау: Қытай компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Металлургия, химия және машина жасау: Қытай компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Қытай Халық Республикасына сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы Қытайдың бірқатар жетекші компанияларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулерде тараптар Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесулер барысында KAZAKH INVEST басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, сондай-ақ Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы жобаларының қоржыны экономиканың басым секторларында жалпы сомасы шамамен $21 млрд құрайты 52 жобадан тұратынын атап өтті.

«Соңғы жылы елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді, бұған Қытай компанияларының Қазақстандағы белсенділігінің артуы дәлел. Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытудан бастап, машина жасау мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға дейінгі түрлі салалардың келешегін көріп отырмыз», - деді Ж.Темірғали.

photo_5195229558805220327_y.jpg

Өз кезегінде қытайлық Zijin Mining Group Co трансұлттық тау-кен компаниясының басшылығы Қазақстандағы түсті және бағалы металдар кен орындарын игеруге инвестиция салу жоспарлары туралы айтты. Қытайлық компания жобаны жүзеге асыру мәселесін зерделеу үшін жұмыс тобын құрды. Айта кетейік, Zijin Mining Group Co 12 елде, сондай-ақ Қытайдың 14 аймағында 30-дан астам ірі тау-кен жобаларын жүзеге асыруда; компанияның капиталдандыруы 2022 жылы 47 миллиард доллардан асты.

WhatsApp Image 2023-09-19 at 10.58.59.jpeg

Сондай-ақ «China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co» (NFC) басшылығымен кездесуде Қазақстан Республикасындағы ағымдағы қызметті кеңейту мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта NFC қазақстандық компаниямен бірлесіп қуаттылығы жылына 300 мың тонна катодты мыс өндіретін мыс қорыту зауытының құрылысының жобасын әзірлеуде. Жоба Бозшакөл, Ақтоғай, Востокцветмет кеніштерінің, сондай-ақ Қазақстанның басқа да кен орындарының шикізатын өңдеуді қамтиды.

photo1695043645 (3).jpeg

Қытайдың «China National Chemical Engineering Group Corporation» кездесуде Қытай тарапына жүзеге асыру үшін химия және газ-химия өнеркәсібіндегі нақты инвестициялық жобалар ұсынылды. Корпорация қызметі әлемнің 80-нен астам елін қамтиды. Кәсіпорын метанолды сериялық өндіру бойынша әлемде ең ірі жобаларды және этилен мен полиэтилен өндіру бойынша химиялық кешенді жүзеге асырды.

photo_5195229558805220316_y.jpg

Қытайлық компанияларға Қытайдан тыс жобаларды іске қосуға көмектесетін China Overseas Development Association (CODA) ұлттық коммерциялық емес қоғамдық ұйымының өкілдері қытайлық компаниялардың Қазақстандағы өндірісті оқшаулау жөніндегі жақын арада жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, Hainan Ougang Investment Co., Ltd компаниясына KAZAKH INVEST өкілдері Қостанай облысында болат құю зауытын салу жобасын жүзеге асыруға шақырды.

photo_5195229558805220281_y.jpg

Фуцзянь провинциясындағы ірі компанияларды біріктіретін қауымдастық – China Chamber of International Commerce Fujian Free Trade Association қауымдастығымен кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Провинциядағы компаниялардың сирек және сирек кездесетін металдарды өңдеуде үлкен тәжірибесі бар, нәтижесінде олардан аккумуляторларды қоса алғанда, өндіріске арналған сирек және сирек жер металдарды дамыту жобаларын іске асыру ұсынылды.

photo1695043645 (4).jpeg

Жалпы, сапар барысында 20-дан астам қытайлық компаниямен келіссөздер жүргізіліп, қазақстандық делегация машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар кәсіпорындарды да аралады.

Өткізілген кездесулер Қытай бизнесінің Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын, сондай-ақ екі елдің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеуге дайындығын көрсетеді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге