+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

Мейіржан Юсупов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Мейіржан Юсупов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Юсупов Мейіржан Бақытұлы тағайындалды.

Мейіржан Юсупов мырза 1979 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Таяу Шығыс техникалық университетін «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, Лондон экономика мектебін экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесімен, Гарвард университетін Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолын «Туркуаз» компаниялар тобында маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары ретінде бастады. 2003-2009 жылдары «Демир Казахстан Банк» АҚ-да жұмыс істеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2009-2010 жылдары Юсупов мырза ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымында мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келді. 2015 жылы  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды. 2020 жылдың қараша айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге