Баспасөз релиздері

Ірі швейцариялық фармацевтикалық холдинг Қазақстанда ісікке қарсы дәрілер шығаруды жоспарлады

Ірі швейцариялық фармацевтикалық холдинг Қазақстанда ісікке қарсы дәрілер шығаруды жоспарлады

Қазақстанға Roche Holding AG Директорлар кеңесінің төрағасы доктор Кристоф Франц жұмыс сапарымен келді. Швейцариялық компания Қазақстанда ісікке қарсы препараттарды келісімшарт бойынша өндіретін кәсіпорынды іске қосуды жоспарлап отыр.

2021 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche Holding AG арасында Негіздемелік келісімге қол қойылды. Келісім қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған инновациялық оригиналды препараттар өндірісін оқшаулау арқылы жергілікті дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту мүмкіндігін қарастырды. Бұл жоба жүзеге асса, емделушілер инновациялық дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістеріне қол жеткізеді. Атап айтқанда, бұл сүт безі қатерлі ісігі сияқты онкологиялық ауруларды емдеу үшін өзекті болады.

_DSC4454.jpg

Ағымдағы жыл ішінде тараптар технологиялар трансфертін ынталандыру, өндірісті одан әрі оқшаулау үшін жергілікті серіктес іздеу және т.б. бөлігінде заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша тәсілдерге келісті.

Roche Holding басшыларының Қазақстанға сапары аясында Денсаулық сақтау министрлігімен тараптардың міндеттемелерін бекітетін және өндірістің басталуын қамтамасыз ететін Жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды, келісім дәрі-дәрмектің алғашқы қазақстандық қаптамасын 2023 жылдың соңына қарай шығаруды қамтамасыз етеді.

new_DSC4655.jpg

Сонымен қатар, швейцариялық компания 2023 жылы Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде «Зертханалық диагностика бойынша инновациялық оқу орталығын» құрып, іске қосуды жоспарлап отыр. Оқу орталығы инновациялық диагностикалық әдістер тұрғысынан жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға жәрдемдесетін болады.

KAZAKH INVEST басқарушы директоры Азамат Қожановтың айтуынша, Task Force арнайы бөлімшесі Қазақстанда жұмыс істеуге ірі ТҰК-ларды тартуға бағытталған.

«Қазір біздің команда жасыл сутегі өндірісі саласындағы SVEVIND және Fortesque компанияларының екі ірі жобасына жетекшілік етуде. Сонымен қатар, Инвестициялық келісім бойынша тағы бірнеше жобаның шарттарын келісу жұмыстары жүргізілуде. Жақында Францияда Мемлекет басшысының сапары барысында француздық Alstom компаниясымен құжатқа қол қойылды. Жалпы тізімге инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асатын 70 жоба кіреді», - деді Азамат Қожанов.

_DSC4849.jpg

«Фармацевтика саласы біздің еліміз үшін стратегиялық маңызды сала болып табылады. Пандемия жағдайында бізге фармацевтика саласын дамытуға деген көзқарастарымызды қайта қарауға тура келді. Осылайша, Үкімет 2025 жылға қарай еліміздегі өз фармацевтикалық өндірісінің үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. «Big Pharma» компанииялардың ішіне кіретін әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компанияның келуі жалпы саланың дамуы үшін маңызды оқиға болып табылады. Жобаны жүзеге асыру жаңа серпін беріп, Қазақстанның фармацевтикалық саласын сапалы жаңа деңгейге шығаратынына сенімдіміз. Қазақстан дәрі-дәрмектің келісімшарттық өндірісін дамыту мүмкіндігін алған санаулы елдердің бірі екенін атап өткен жөн. Компания еліміздегі фармацевтикалық өндіріс тізбегін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр», - деді KAZAKH INVEST Investment Task Force жобасының менеджері Алмат Жұмабаев.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Task Force бөлімшесінің жан-жақты қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба, пациенттерге онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі және осы ауруларды емдеуге арналған заманауи дәрі-дәрмектерге қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге