Баспасөз релиздері

АҚШ-тың ірі компаниялары Қазақстандағы қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр

АҚШ-тың ірі компаниялары Қазақстандағы қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр

Астанада АҚШ Сауда миссиясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантіровтың жетекшілігімен ірі америкалық компаниялармен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен АҚШ Сауда палатасы ұйымдастырған шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерінің 100-ден астам өкілі жиналды.

1.jpg

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров көптеген жылдар бойы қарым-қатынастарда Қазақстан-АҚШ Іскерлік кеңесі, жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі компаниялардың іс-сапарлары арқылы ынтымақтастықтың тиімді әдістерін әзірлегенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының өткен жылғы АҚШ-қа сапары мен дөңгелек үстел өткізуі елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бергенін атап өтті.

Іс-шараға Apple, Microsoft Corporation, The Boeing Company, Chevron, The Coca-Cola Company, EPAM Systems, ExxonMobil, Google, General Electrics, Mastercard, Valmont Industries, Baker Hughes сияқты 20-дан астам АҚШ-тың ірі компанияларының өкілдері қатысты. 

Айдаров.jpg

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров америкалық компанияларды Қазақстан экономикасының басым секторларында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға шақыра отырып, инвестициялық ынтымақтастықтың зор әлеуетіне тоқталды.

Чокси.jpg

Өз кезегінде АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Куш Чокси Қазақстанның әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі рөліне тоқталып, еліміздің ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және экспорттаудағы әлеуеті зор екенін айтты. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика бола отырып, америкалық инвесторлардың қызығушылығын арттыруда.

Сауда хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэвид Де Фалько 2022 жылғы рекордтық тауар айналымы екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың қолайлы дамуының дәлелі екенін атап өтті.

Торебаев.jpg

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев өткен жылы қазақстандық-американдық сауданың жалпы экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай өскенін айтты. Егер 2021 жылы тауар айналымы пандемияға дейінгі деңгейге (2,2 млрд доллар) қалпына келсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға (3,05 млрд доллар) өсті.

DSC_0485.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қазақстан үкіметі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы баяндама жасап, американдық компанияларды Қазақстандағы қызметін кеңейтуге шақырып, ел ұсынып отырған перспективалар мен мүмкіндіктерге тоқталды. Оның айтуынша, 2022 жылы АҚШ-тан келген инвестицияның жалпы ағыны 82 пайызға өсіп, 5,1 миллиард долларды құрады.Жалпы, 2005 жылдан бері АҚШ Қазақстанға 95 миллиард доллардан астам инвестиция құйған.

ЖА 6.jpg

Дөңгелек үстелдің модераторы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктестікті экономикалық қарым-қатынастардың барлық спектрі, оның ішінде негізгі секторлар бойынша кеңейтуге жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Осылайша жетекшілік ететін салалардағы мүмкіндіктер туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, ҚР Сыртқы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов және т. б. баяндады. Америкалық тараптан Америка-Қазақстан Іскерлік кеңесінің атқарушы директоры Дженнифер Миэль модератор ретінде қатысты.Мил.jpg

Дөңгелек үстелде америкалық компаниялардың басшылары да сөз сөйледі. Осылайша, АҚШ-тың энергетикалық секторындағы жетекші компаниялар Chevron және Exxon Mobil табыстарымен бөлісті. Қазақстан нарығында бұрыннан бар компаниялар Қазақстанда инвестициялық қызметті кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

Apple.jpg

«Apple», «Google», «Microsoft» ақпараттық-технологиялық ірі корпорациялары Қазақстанның IT саласындағы зор әлеуеті туралы айтып, аймақтағы қатысуын кеңейтуге дайын екендіктерін атап өтті. Осылайша, Google компаниясының өкілі ресейлік нарықтан шығып, Қазақстан нарығына қызметті қайта форматтау мақсатында Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты. Microsoft өз кезегінде Қазақстанда Орталық Азия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын көп аймақтық Хаб құруды және қазақстандық цифрлық экспортты кеңейту үшін IT мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

Boeing.jpg

Ірі өнеркәсіптік компания Boeing авиация саласында білікті жұмыс күшін тәрбиелеу үшін Қазақстанда персоналды оқыту бастамасын енгізді. Сонымен қатар, Boeing Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық танытты.

Шара соңында екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерінің екіжақты кездесулері өтті.

Main.jpg

АҚШ-тың Қазақстандағы сауда миссиясы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту және ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы маңызды қадам болды. Екі жақ та сауда, инвестиция және технологиялық алмасу көлемін арттыруға ұмтыла отырып, ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікті сақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге