Баспасөз релиздері

Сингапурдың ірі білім беру компаниясы «KinderWorld International Group» ҚР инвестициялық жобаны жүзеге асыруда: ниет туралы келісімге қол қойылды

Сингапурдың ірі білім беру компаниясы «KinderWorld International Group» ҚР инвестициялық жобаны жүзеге асыруда: ниет туралы келісімге қол қойылды

Астанада «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сингапурлық «Kinder World International Group» компаниясы және Астана қаласының әкімдігі арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру ниеті туралы келісімге қол қойылды. Қол қойылған келісім шеңберінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Cambridge IGCSE, Cambridge AS/A Level халықаралық танымал оқыту бағдарламалары бойынша үздіксіз білім берудің сингапурлық үлгісіндегі білім беру мекемелерін салу жоспарланған.

Сингапурлық кәсіпкерлер 200 орыннан кем емес балабақшаны, 200 орыннан кем емес мектептерді және 2000 орыннан кем емес колледжді салуды жоспарлауда. Инвесторлар кем дегенде 30% қазақстандық оқытушыларды кірістіруді жоспарлауда. Жобаны жүзеге асыру үшін Астана қаласының әкімдігі 5 гектар жер телімін бөледі.

Инвесторларды сүйемелдеу және сервистік қолдау аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ командасы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановпен және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жуминмен кездесулер ұйымдастырды. Қалалардың әкімшілігі сингапурлық инвесторлардың жобасын іске асыруға үлкен қызығушылық білдірді. Кездесуден кейін тараптар оқу орындарының болашақ объектілеріне арналған жер телімдерінің таныстырылымы өтті.

Келісімге қол қою барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Марат Бірімжан осы жобаның отандық білім беруді дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ командасы бұл инвестициялық жобаны сүйемелдеу бойынша, оның ішінде, инвестициялық келісім-шартты жасауға, жер телімін бөлуде, визалық қолдау шараларын түсіндіруде толық қызметтер спектрін қамтамасыз етуге дайын.

Айта кету керек, мектепке дейінгі жастан бастап орта мектеп жасына дейінгі білім беру орталығын құру туралы уағдаластыққа 2018 жылдың 21 қарашасында өткен Қазақстан-Сингапур инвестициялық форумының шеңберінде қол жеткізілген. Бұл форумда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «KinderWorld International Group» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Анықтама үшін:

«KinderWorld International Group» компаниясы қызметін 1986 жылы Сингапурда бастады және білім беру жүйесін құру жобасын сәтті жүзеге асырды. Үздіксіз білім беру бағдарламасы STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) оқыту жүйесін белсенді дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жиырма білім беру орталығын басқаруда.

Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелген, компания 2018 ж. 12-13 қарашасында Сингапурда өткен АСЕАН Іскерлік және инвестициялық саммиті шеңберінде үздіктердің бірі ретінде марапатталған.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге