+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

Павлодар облысында қазақстандық инвесторлар криптовалюта фермасын салды

Павлодар облысында қазақстандық инвесторлар криптовалюта фермасын салды

Павлодар облысында қуаттылығы 20 МВт құрайтын дата-орталық жобасы іске асырылды. Инвесторлар ретінде "BTC KZ" Қазақстандық компаниясының өкілдері болды. Жоба "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы $2 млн-нан асты.

Бүгінгі таңда компания әлемнің көптеген елдерінен 3 мыңнан астам клиентпен жұмыс істейді. Жобада 20 мыңнан астам майнинг машиналары орнатылған. Орталыққа қызмет көрсетумен 100-ге жуық жоғары білікті мамандар айналысады.

"Өңірде энергетикалық әлеует пен электр энергиясының төмен құнын ескере отырып, соңғы жылдары инвесторлар тарапынан криптоквалюталық индустрияны дамытуға үлкен қызығушылық байқалады. Бұл жоба сөзімнің нақты үлгісі болды" - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ өңірлік директоры Мадияр Данияров.

Мадияр Данияровтың айтуынша, бұл "BTC KZ" компаниясының үшінші дата-орталығы. Олардың жалпы құны $10 млн-нан асады, компания одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр және 15 МВт-қа кезекті криптовалюталық ферма салу мәселелері бойынша шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде.

"Қазақстан әлемнің көптеген елдері сияқты криптовалюталық нарықты игеріп, дамытуда. KAZAKH INVEST және жергілікті билік тарапынан біз үлкен қолдау алдық. Бұл бізге экспорттық бақылаудан уақтылы өтуге және қосымша шығындарды болдырмауға мүмкіндік берді. Біз бұлтты майнинг қызметін көрсетеміз. Біздің серіктестеріміз - шетелдік клиенттер. Біз одан әрі кеңейтуге дайынбыз, бірақ бұл энергетикалық компаниялардың инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне байланысты болады", – деп хабарлады "BTC KZ" криптовалюталық ферма директорының орынбасары Дін-Мұхаммед Маткенов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда KAZAKH INVEST қолдауымен Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жалпы сомасы $1,1 млрд-тан астам 9 жоба іске асырылуда, олардың ішінде дата-орталықтар, оптоталшықты өндіру, цифрлық хаб құру, деректерді жинаудың автоматтандырылған жүйелері және т. б. бойынша жобалар бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге