Баспасөз релиздері

Қытайлық компаниялар Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі

Қытайлық компаниялар Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында Цзыбо қаласы әкімшілігі басшылығының өкілі Цзоу Цзингун мырза бастаған қытайлық инвесторлармен кездесу өтті.

Қытай делегациясына келесі компаниялардың өкілдері кірді: Shandong Shengfeng Chemical Co., Ltd, Shandong Tiantian Youxian Agricultural Development Co., Ltd, Shandong New Tianhe Plastic Co., Ltd, Zibo Feiran Economic and Trade Co., Ltd, Shandong Yuanshengyuan Intelligent Technology Co., Ltd, Shandong Jumi Holding Group, Shandong Hengxiang Urban Sonstruction Development Group Co., Ltd, Shandong Xingfeng International Logistics, Ltd, Beijing Yingke (Zibo) Law Firm және Zibo Qianhui Biotechnology Co., Ltd.

DSC_0203.jpg

KAZAKH INVEST өкілдері қытайлық серіктестерге ҚР-дағы АӨК, ТМК, мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар, инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық келісімшарттардың түрлері және преференциялар туралы ақпарат берілді.

Келіссөздер барысында химиялық пленка өндірісі, инновациялық Ауыл шаруашылығы технологиялары, сондай-ақ полипропилен өндірісі салаларындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері бойынша түйінді мәселелер талқыланды.

Екі тарап та жоғарыда аталған салалардағы ынтымақтастықты тереңдету екі елдің экономикалық өсуіне ғана емес, достық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе және озық технологиялармен алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге