Баспасөз релиздері

Қытайлық компания Астанада коммерциялық-индустриалды парк салады

Қытайлық компания Астанада коммерциялық-индустриалды парк салады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және қытайлық Xinjiang Hengyuan Investment Management Co., Ltd. Астана қаласында Қазақстан-Қытай сауда-индустриалды паркін құру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Xinjiang Hengyuan Investment Management Co., Ltd. осындай жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі мен құзыреті бар Қытайдың Байян қаласынан 50 гектар аумақта коммерциялық және индустриялық парк салуды жоспарлап отыр.

IMG_7100.jpg

Қол қойылған Меморандум Қазақстан Республикасы экономикасының логистиканы, қоймалауды, өңдеуді, сауданы, коммерциялық қызметтерді көрсетуді және жылжымайтын мүлікті басқаруды қоса алғанда, негізгі секторларының дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, бұл жоба Қытайдың сауда және өндірістік компанияларын Қазақстанда жұмыс істеуге тартуға, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді.

«Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады, Астанада Қазақстан-Қытай сауда-индустриалды паркін құру экономикамыздың негізгі салаларының дамуын жеделдетіп қана қоймай, көптеген жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Біз бұл Xinjiang Hengyuan Investment Management Co., Ltd. компаниясымен табысты ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана екеніне сенімдіміз және бұл жобаның жүзеге асуын асыға күтеміз», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев.

IMG_7139.jpg

«Біз бұл жобаға аймақтағы негізгі логистикалық хаб ретінде Қазақстанның орасан зор әлеуетін көре отырып, үлкен ынтамен кірісіп жатырмыз. Астанада Қазақстан-Қытай сауда-индустриалды паркін құру еліміздің логистикалық мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды транзиттік дәліз ретіндегі рөлін күшейтеді. Бұл жоба жаңа сауда ағындары мен өндірісті тартуға, елдеріміздің ұзақ мерзімді және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығы үшін күшті жағдай жасауға катализатор болады деп сенеміз», - деді Байян қаласы мэрінің орынбасары Янь Ван.

Анықтама үшін:

Xinjiang Hengyuan Investment Management Co., Ltd. құрылыс, индустриялық парктерді басқару және коммерциялық және индустриялық аймақтарды дамыту саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға маманданған қытайлық инвестициялық компания болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге