+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

Ақмола облысында қазақстан-түрік биогаз зауыты салынады

Ақмола облысында қазақстан-түрік биогаз зауыты салынады

Ақмола облысының Бурабай ауданында өсімдік және мал қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады. Қазақстан-Түркия кәсіпорнын «Burabai Biogas and Fertilizers Factory» (Kusto Group еншілес кәсіпорны) компаниясының инвесторлары іске асырады. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қуаттылығы сағатына 5 МВт болатын биогаз зауытымен органикалық тыңайтқыштар өндіру бойынша біріктірілген зауыты 2021 жылы салу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру үшін 10 Га инвестициялық алаң анықталды.

«Kusto Group протеиндік бағдарламасына сәйкес ет және астық өндірісі жыл сайын өсетін болады. Тиісінше, өсімдіктер мен жануарлардан алынатын қалдықтар көбейеді. «Burabai Biogas and fertilizers factory» ЖШС электр энергиясы мен органикалық тыңайтқыштар өндірілетін қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде шешім ұсынды. Тәулігіне 400-500 тоннаға дейін биогаз зауытына қажетті шикізатты жергілікті құс фабрикаларының өндірістік алаңдарынан және бордақылау алаңдарынан алу жоспарлануда», - деп атап өтті «Burabai Biogas and Fertilizers Factory» ЖШС директоры Алмаз Туленов.

Жыл сайын жаңа кәсіпорында 20 мың тонна құрғақ түйіршікті органикалық тыңайтқыштар және 10 мың тонна сұйық органикалық тыңайтқыштар шығару жоспарлануда. Жалпы құны 12 млрд теңге болатын жоба 40-қа жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Инвесторлардың айтуынша, өндірілген өнім өсімдіктердің су және ауа қоректенуіне жағымды әсер етеді, көкөніс дақылдарының тамырымен симбиоз түзетін топырақ бактериялары мен микроорганизмдердің дамуына, олардың қол жетімді қоректік заттар алуына ықпал етеді, сонымен қатар топырақты қалпына келтіреді, бұл өнімділікті 20-25% арттыруға мүмкіндік береді.

«Болашақта компания өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, инвесторлар ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім беруді жоспарлап отыр. Осыған байланысты біз жергілікті әкімдікпен бірлесіп жобаны оның барлық кезеңдерінде қолдап, сүйемелдейтін боламыз. Компаниямен тиісті меморандумға осы жылдың қыркүйек айының ортасында қол қойылды», - деп хабарлады Ақмола облысы бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Ернұр Жолымбетов.

Жобаны іске асыруға «Altaca holding» түрік компаниясын тарту жоспарлануда. Холдинг Түркия, Ресейде өз кәсіпорындарымен ұсынылған. Кәсіпкерлер индустриялық, коммерциялық және құрылыс саласындағы халықаралық компаниялар үшін 250-ге жуық жобаны сәтті іске асырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге