Баспасөз релиздері

Қазақстан-Италия бизнес-форумы онлайн режимде өтті

Қазақстан-Италия бизнес-форумы онлайн режимде өтті

Қазақстан-Италия бизнес-форумы аясында инвестициялық ынтымақтастық перспективалары мен жасыл экономика, агроөнеркәсіп және индустрияландыру салаларындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.

Іс-шара екі елдің сыртқы саяси ведомстволары, Италияның «Confindustrie» Өнеркәсіп жалпы конфедерациясының, ICE агенттігінің, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының және «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майо ашты.

М.Тілеуберді өз сөзінде 1992 жылдан бастап итальяндық компаниялар біздің елімізге шамамен 9 млрд АҚШ долларын инвестициялағанын және бүгінде Қазақстанда итальяндық капиталы бар 270-тен астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Біздің елімізде 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және мұнай-газ саласында бірқатар маңызды жобаларды іске асырған итальяндық "ENI" трансұлттық компаниясының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы Ақтөбе облысында жел электр станциясының құрылысы және Түркістан облысында күн электр станциясының құрылысын бастау сияқты жаңа жобалар табысты іске асырылуда.

Сондай-ақ, онлайн кездесу барысында «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының шетелдік инвесторларға көрсететін қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біздің ұйым инвесторларға инвестициялық қызметті қолдау бойынша толық қызмет көрсететін бірыңғай ұлттық оператор болып саналады. Әлеуеті жоғары инвесторлар үшін біз еліміз туралы жан-жақты ақпарат бере отырып, командамыз әзірлеген нақты инвестициялық жобаларды ұсынамыз. Инвесторлардың Қазақстанға мақсатты сапарларын, сондай-ақ олардың мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен кездесулерін ұйымдастырамыз. Бізде еліміздің әр аймағында жобаларды жергілікті жерлерде анықтаумен айналысатын адамдар, сондай-ақ шетелдік өкілдер желісі бар. Біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі - іскерлік байланыстар орнату болып табылады, біз мықты жергілікті әріптес табуға көмектесеміз», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Іс-шараға 600-ге жуық қазақстандық және итальяндық бизнесмендер қатысты. Итальяндық инвесторларға қазақстандық экономиканың агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау және басқа да секторлардағы жобалар таныстырылды.

Өз кезегінде шетелдік инвесторлар жақын арада итальяндық "NEOS" компаниясының Милан мен Алматы арасындағы тікелей әуе рейсін іске қосуын құптады. Аталған әуе қатынасы екі ел арасындағы іскерлік және туристік байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосуы тиіс.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге