Баспасөз релиздері

Қазақстан Франкфуртте өткен Kazakhstan Investment Day 2025 шарасында инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Франкфуртте өткен Kazakhstan Investment Day 2025 шарасында инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстандық делегация Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың басшылығымен Майндағы Франкфуртте өткен Kazakhstan Investment Day 2025 форумына қатысты. Іс-шараның мақсаты – инвестициялық диалогты нығайту және Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған нақты мүмкіндіктерді талқылау болды. Форумға 200-ге жуық қатысушы келді. Шараның тең ұйымдастырушылары – Германия экономикасының Шығыс комитеті және AKA-Bank.

Іс-шараны ашқан Роман Скляр Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Бұл жоғары деңгейдегі сапарлар мен 70-тен астам экономикалық келісімдерге қол қойылуының нәтижесі екенін жеткізді. Ол екі ел экономикасының өзара толықтырылуын ерекше атап өтіп, герман компанияларының Қазақстан экономикасының негізгі салаларында маңызды рөл атқара алатынына сенім білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда герман капиталы бар 1100-ге жуық кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 740-ы — шетелдік меншік нысанында, ал 370-і — бірлескен кәсіпорын ретінде жұмыс істеуде. Бұл екіжақты сенімнің, ашықтықтың, өзара түсіністік пен тұрақты қолдаудың айқын дәлелі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Қуантыров елдер арасындағы жоғары деңгейдегі өзара түсіністікті атап өтіп, соңғы ондаған жылдарда жинақталған тәжірибе жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мықты негіз болатынын жеткізді:

«Біз Германиямен серіктестікті тереңдетуге айтарлықтай әлеует бар екенін көреміз. Бұл – машина жасау, өнеркәсіптік кооперация, жасыл технологиялар, энергетика, цифрландыру және білім беру салалары. Қазақстанда ірі халықаралық жобаларды іске асыруға қажетті инфрақұрылым, құқықтық база мен тәжірибе бар. CLAAS, WILO, SIEMENS, LINDE, KNAUF, Heidelberg Materials, Goldbeck Solar сынды жетекші неміс компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс істеп келеді», — деді ол.

         «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев өз сөзінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвесторға бағытталған тәсілдің маңыздылығын атап өтті:

«Бүгінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша тұтас жүйе қалыптасты. Премьер-Министр басқаратын Инвестициялық штаб жүйелі мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді, ал жобаларды іске асырудағы бюрократияға "нөлдік төзімділік" қағидаты – біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымына айналды. Бұрын бірнеше жылға созылатын жобалар енді бірнеше ай ішінде іске аса алады. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды инвесторлар үшін тұрақты, болжамды және тиімді әріптеске айналдыру», — деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол Германиядан келетін инвестициялардың ерекше маңызын атап өтті:

«Неміс инвестициялары біз үшін аса маңызды. Өйткені олар тек капитал емес, сонымен қатар экологиялық таза озық технологиялар мен адами капиталды дамытуға қажетті құзыреттерді де алып келеді. Қазіргі таңда біздің компания неміс инвесторлары қатысатын 52 миллиард АҚШ долларынан астам сомадағы 63 жобаны сүйемелдеуде».

Форум аясында қазақстандық делегация мен неміс бизнесінің өкілдері арасында бірқатар кездесулер мен келіссөздер өтті. Тараптар машина жасау, минералдық шикізатты өңдеу, жасыл энергетика, логистика және фармацевтика салаларындағы нақты жобаларды талқылады. Қазақстандық тарап басым инвестициялық бастамалар портфелін және шетелдік әріптестерге арналған қолдау шараларын таныстырды.

Неміс компаниялары Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге жоғары қызығушылық танытты, елдің өндіріс орналастыру мен өңір елдеріне экспорт жасау үшін сенімді алаң екенін атап өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге