Баспасөз релиздері

БҰҰ алаңында Қазақстанның цифрландыру саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

БҰҰ алаңында Қазақстанның цифрландыру саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Қытайдың Сямэнь қаласында «Тұрақты даму үшін цифрлық экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды ұлғайту» атты БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты инновациялық форумы өтті. Іс-шараға БҰҰ-ның ЭСКАТО, WAIPA халықаралық ұйымдарының басшылары, Қытай, Эстония, Пәкістан, Филиппин, Индонезия, Малайзия, Шри-Ланка және т.б. инвестицияларды ынталандыру агенттіктері мен ірі компаниялардың өкілдері, сондай-ақ цифрлық экономика даму саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

11716805.jpg

Шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) және Инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) ұйымдастырды. Форум цифрлық бизнесті ілгерілету, инновациялық технологияларды енгізу және АКТ инфрақұрылымын құру салаларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әрекеттер мен шараларды талқылау үшін инвестицияларды ынталандыру агенттіктері (IPA) мен инвесторларды, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптарды біріктіру мақсатында өткізілді.

18738878.jpg

«Цифрлық инфрақұрылымды құру үшін инвестиция тарту» панельдік сессиясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали сөз сөйледі. .

«Қазақстан экономиканы цифрландыру бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 2022 жылы ЖІӨ оң өсу қарқыны 3,2% болғанда цифрландыру секторы 12,2% өсті. Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 28-ші орын – Мемлекеттік қызметтерді табысты цифрландырудың көрсеткіші. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саласында да жоғары өсім байқалды – 2022 жылы транзакциялар көлемі 42%-ға өсіп, 227 млрд долларды құрады», - деді Жандос Темірғали.

Басқарма төрағасының орынбасары өз сөзінде Қазақстанда деректерді өңдеу орталықтарын құрудың әлеуеті зор екенін атап өтті. Сондықтан еліміз АКТ секторына, атап айтқанда, деректерді сақтау және өңдеу саласындағы ірі деректер орталықтарын салуға инвестиция тарту үшін барынша тартымды жағдайлар жасауға ұмтылуда.

«Қазақстан арқылы Еуропа мен Азияның ірі нарықтарын байланыстыратын Транскаспийлік талшықты-оптикалық магистральдық маршруттарды дамыту және Цифрлы Жібек жолын құру өте перспективалы бағыттар», - деп түйіндеді сөзін KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының орынбасары.

19325778.jpg

Форум аясында KAZAKH INVEST-тің халықаралық ұйымдар мен инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің басшыларымен екіжақты кездесулері де өтті. Атап айтқанда, БҰҰ ЭСКАТО-ның Экономикалық мәселелер жөніндегі қызметкері Хизер Тейлор-Штрауспен кездесу өтті, ол ұйымның инвестицияларды тарту бойынша мамандардың үздіксіз кәсіби дамуы тұрғысынан KAZAKH INVEST-пен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

WAIPA бас директоры Исмаил Ершахинмен кездесу барысында тараптар инвестиция тарту саласындағы институционалдық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Дүниежүзілік қауымдастықтың басшысы KAZAKH INVEST пен WAIPA арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту бойынша нақты ұсыныстар жасап, оны 2023 жылдың желтоқсан айында Нью-Делиде өтетін Дүниежүзілік инвестициялық конференцияға белсенді қатысуға шақырды.

Форумға қатысушылардың пікірінше, мемлекеттік қызметтерді табысты цифрландыру және инновациялық технологияларды белсенді енгізу – тұрақты экономика құру жолындағы маңызды қадамдар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге