Баспасөз релиздері

Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстел-2024 өтті

Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстел-2024 өтті

Астана қаласында «Жаһандық инвестициялық үрдістер: Болашаққа көзқарас» күн тәртібімен Жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстел-2024 (KGIR-2024) өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлемдік нарықтардың ағымдағы үрдістерін және олардың инвестициялық стратегияларға әсерін, сондай-ақ халықаралық капиталды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шара аясында өнеркәсіптік және перспективалық жобалардың көрмесі өтті.

Іс-шараның серіктестері «ACWA Power», «GE Healthcare», «Ultradecor», «CHN Energy», «Alstom», «Fufeng», «Нобел АФФ» АҚ, «Carlsberg» және «Жетісу Вольфрамы» ЖШС сияқты компаниялар болды.

IMG_8648.JPG

KGIR-2024 бағдарламасы аясында екі панельдік және пленарлық сессия өтті. 700 қатысушы үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Министрі Қанат Шарлапаев, ҚР Сыртқы істер Министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің Төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Елекеев және т. б. сияқты қазақстандық қайраткерлер сөз сөйледі. Сонымен қатар, «Power International Holding», «Fufeng Group Limited», «ACWA Power», «AstraZeneca», «Wabtec» және т. б. сияқты ірі шетелдік компаниялардың өкілдері спикерлер ретінде сөз сөйледі.

zYEm0WGkSPPxzcwzzVDK36YPujGG55DQkZ5CWNjz.jpeg

Өз сөзінде Ә. Қуантыров қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы ақпаратты таныстырды:

«Қазақстан тұрақты өсу мен капитал тартуды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, инновациялар мен экономикалық дамудың жаңа тәсілдері жолында сенімді түрде қозғалуда. Бүгінгі таңда $7 млрд сомасына 32 келісімге қол қою-осының жарқын дәлелі. ЮНКТАД мәліметтері бойынша, Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша Орталық Азияда көшбасшылықты жалғастыруда. Өсудің негізгі драйверлері өзгеріссіз қалады: бай минералды ресурстар, дәстүрлі және жаңартылатын энергияның әлеуеті, ауыл шаруашылығы, көлік және тиімді транзиттік маршруттар. Бұған дейін Қазақстан Үкіметі басым салаларға инвестициялар тартуға және жеке секторды қолдауға бағытталған 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың ұлттық тұжырымдамасын ұсынған болатын. Бұл одан әрі әртараптандыру және басым салаларға жаңа жобаларды тарту қажеттілігін көрсетеді».

IMG_5458 (1).JPG

Өз кезегінде Е. Елекеев инвестицияларды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамытуға арналған панельдік сессияда модератор ретінде сөз сөйледі:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар тарту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және инвесторлардың құқықтарын қорғауды нығайтуға ерекше назар аударады. Осыған байланысты инфрақұрылымды дамыту инвестицияларды тартуда, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауда және экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда шешуші рөл атқарады. Заманауи көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылым шығындарды азайтып, тиімділікті арттырып қана қоймай, елді халықаралық серіктестер үшін тартымды етеді. Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстанның жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциясын күшейтеді, оның транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтады және экономикаға капитал ағынын ынталандырады».

IMG_3630.JPG

Іс-шара аясында агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау, тау-кен металлургия кешені, көлік, құрылыс және т. б. сияқты экономика секторларында он номинация бойынша үздік шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімі өтті.

IfOSq2u6FVX3okR2q9lQ1lW3wj0OVYNvc9AjhSvZ.jpeg

2013 жылдан бастап Қазақстан экономикасына шамамен $200 млн инвестиция салған «Linde Gas GmbH» компаниясы «Сенімді өнеркәсіптік серіктес» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Еліміздегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына кіретін «Carlsberg Group» компаниясы ұзақ мерзімді әріптестік үшін атап өтілді. Сондай-ақ, салалық марапаттар: «Orhun Medical» ЖШС түрік компаниясына – денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін, «Jiaxin International Resources Investment» қытайлық компаниясына – тау-кен өндіру саласындағы үздік стратегиялық серпіліс үшін, ал «Alstom» француз компаниясына – технологиялық көшбасшылық пен теміржол саласын дамытқаны үшін табысталды.

IFRjT6FW1i4Pvgduw6QBy6QZYzXp1Vv3G4oNSSXc.jpeg

Салтанатты рәсім барысында қазақстандық инвестор-компаниялар: «Шин-Лайн» ЖШС – шетелде ұлттық брендті дамытуға қосқан үлесі үшін, «KazFoodProducts» ЖШС – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық чемпион ретінде, «Zerde-Ceramics Aktobe» ЖШС – құрылыс индустриясы мен экспорттық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ құрылыс индустриясы мен экспорттық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін, ал «Zharkent Starch Plant» ЖШС – Ішкі қайта өңдеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін. атап өтілді. 

WtJcnhxedc8M5uA11DgSo1pjviJQVaFmWjDkQEDG.jpeg

Анықтама:

KGIR-2024-Қазақстан Республикасындағы негізгі инвестициялық оқиға, ол 2017 жылдан бастап жыл сайын ел Премьер-Министрінің басшылығымен өтеді. Іс-шара өзін мемлекет пен халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың тиімді диалог алаңы ретінде көрсетті. Жыл сайын KGIR-ге 40 елден 500-ден астам қатысушы, оның ішінде мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтар мен БАҚ өкілдері жиналады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге