Баспасөз релиздері

Қазақстан жетекші үнді компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан жетекші үнді компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Үндістанға ресми сапармен барды.

Нью-Дели қаласына сапар шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағалығымен Үнді компанияларының, оның ішінде «Adani Group», «NMDC», «NTPC», «GMR Group», «ARS Steels & Alloys International» «Shapoorji Pallonji Group», «ACE», «Multani Pharmacueticals» және т. б. қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.




Өз сөзінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Үнді бизнесінің Қазақстанмен экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде АӨК, фармацевтика, инфрақұрылым, ат, сондай-ақ тау-кен және басқа секторларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Біздің елдеріміз белсенді ынтымақтасып, бірлескен жобаларды іске асыруда. Бұл инвесторлардың сенімінің белгісі және Қазақстанның елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға зор көңіл бөлетіндігінің дәлелі. Бүгін біз жетекші Үнді компанияларының қатысуымен дөңгелек үстелге қатысудамыз. Бұл елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілікті көрсетеді», - деп толықтырды ұлттық компания басшысы Мейіржан Юсупов.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «Task Force» департаментінің жобалар жөніндегі жетекшісі Айгүл Нұралина Қазақстандағы іскерлік ахуал, сондай-ақ оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып берді.

Дөңгелек үстелдің модераторы Үндістандағы KAZAKH INVEST өкілі Олжас Әліпбаев болды.


Сонымен қатар, сапар барысында делегация «ARS Steel & Alloy International», «GMR Group», «Kusum Healthcare» сияқты үнді компанияларының басшыларымен екіжақты келіссөздер өткізді, онда тау-кен металлургия кешені, азаматтық авиация (әуежайларды басқару), фармацевтика және т. б. салалардағы әлеуетті жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта Жамбыл облысында жалпы құны 125 млн, АҚШ долларын құрайтын ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асырып жатқан «Monnet Group» металлургиялық компаниясының басшысымен келіссөздер жүргізілді.


Үндістан Қазақстан үшін маңызды инвестициялық әріптес болып табылатынын атап өткен жөн. Соңғы 15 жылда Үндістан Қазақстан экономикасына 360 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара тауар айналымы 2020 жылы 2,4 миллиард долларға жетті. 2019 жылмен салыстырғанда 27,3%-ға өсті. Қазіргі уақытта біздің елімізде Үнді капиталының қатысуымен 300-ге жуық компания жұмыс істейді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге