Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Қазақстан-Улжу» атты дөңгелек үстел өтті. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған шараға екі елдің мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктері мен бизнес өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстанның Оңтүстік Кореямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін баса айтты. Ол 2022 жылы Қазақстан экономикасына оңтүстіккореялық инвестицияның рекордтық ағыны 1,5 миллиард долларға жеткенін, тауар айналымы 2 еседен астам өскенін көрсетіп, 6 миллиард доллардан асқанын атап өтті.

АТ.JPG

«Екіжақты ынтымақтастықты сапалы дамыту үшін барлық алғышарттар бар, біздің елімізде оңтүстіккореялық капиталдың қатысуымен 500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 58 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру біздің тұрақты радарымызда. Біз оңтүстіккореялық компаниялардың Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан бастамаларын қолдауға дайынбыз», - деді Ардақ Зебешев.

Өз кезегінде Улжу ауданының бас директоры Пэк Чинпэк Оңтүстік Корея делегациясының Қазақстан астанасына сапарының мақсаты екі елдің арасында экономикалық қарым-қатынас орнату екенін, сондықтан делегация құрамында түрлі салаларда жұмыс істейтін және ынтымақтастықты дамытуға мүдделі компаниялар бар екенін айтты

020523_6.JPG

Сондай-ақ Корей сутегі өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы Дон Хи-Ли Қазақстанның ынтымақтастықтың шексіз әлеуеті бар екеніне тоқталып, құрамында 237 компания мен 200-ден астам зерттеуші бар қауымдастықтың жасыл сутегі жобаларын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің экономикалық кеңесшісі Ким Ёльгю елдердің сутегі өнеркәсібінде ынтымақтастық орната алатынына сенім білдіріп, сапалы қарым-қатынас орнату қажеттілігіне баса назар аударды.

020523_5.JPG

Сонымен қатар, қазақстандық тараптың атынан «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Азамат Қожанов сөз сөйледі, ол Қазақстанның аспап жасау, химия өнеркәсібі және сутегі энергетикасы салаларындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ ел үкіметі инвесторларға берілетін преференциялар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Ол Қазақстан өткен жылы 28 миллиард доллар ТШИ тартқан Орталық Азиядағы ең ірі экономика екенін атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі кореялық компанияларды Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, ұлттық компанияның іске асырудың барлық кезеңдерінде барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

Өз кезегінде АХҚО Атқарушы директоры Нұрлан Тоймбек АХҚО алаңында бизнес жүргізудің және инвесторларды қолдаудың артықшылықтары туралы, сондай-ақ аймақтағы бизнесті кеңейту үшін АХҚО-да аймақтық штаб-пәтерді орналастырудың бірегей мүмкіндіктері туралы айтты.

Оңтүстік Корея Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылады, елдер арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісімдер бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге