Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Ұлыбритания экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан мен Ұлыбритания экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстанға Ұлыбританияның Кәсіпкерлік және сауда жөніндегі Мемлекеттік Министрі және Индустрия және экономикалық қауіпсіздік Министрі Нусрат Гани келді. Оның сапары аясында Астанада Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) оныншы мерейтойлық отырысы өтті. Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаева басқарады. Шараны Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

DSC_0024.jpg

Кездесу барысында тараптар ҮАК қызметінің 2023 жылға арналған қорытындыларын қарастырды. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, сауда, инвестиция, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, жасыл энергетика, білім беру және т.б. салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

Н.Нұрбаева өз сөзінде Ұлыбританиямен ауқымды және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Біздің сауда және инвестициялық қарым-қатынастарымыз берік және тұрақты болып қала береді. Ұлыбритания 1993 жылдан бері ТШИ ағынының жалпы көлемі 21 миллиард доллардан асатын Қазақстан экономикасының жетінші ірі инвесторы болып табылады. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 58 пайызға өсіп, 1,8 миллиард долларға жетті», - деді министрдің орынбасары.

DSC_0026.jpg

Өз кезегінде Н.Гани Қазақстанның өңірде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. Ол британдық тараптың маңызды пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, британдық қатысуымен жаңа оқу орындарын ашу, сондай-ақ өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту саласындағы серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Сапар нәтижесінде маңызды пайдалы қазбалар саласындағы 2023–2024 жылдарға арналған стратегиялық серіктестіктің Жол картасы келісілді. Сондай-ақ, жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

DSC_0033.jpg

Тараптар ҮАК-ның келесі 11-ші отырысын 2024 жылы Лондонда өткізуге келісті.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге