Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Украина инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан мен Украина инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады

Киевте Қазақстан-Украина инвестициялық форумы өтті. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі, ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан мен Украинаның мемлекеттік, аймақтық билік органдары, кәсіпкерлер мен инвестициялық компаниялар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі, сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары, Украина және Қазақстан СӨП Президенті және Украинаның шағын және орта кәсіпорындарының басшылары баяндама жасады.

KAZAKH INVEST Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев өз сөзінде бұл іс-шара инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға үлкен көңіл бөлетінін атап өтті.

«Біздің ұйым инвесторларға толық қызмет көрсете отырып, инвестициялық қызметті қолдау бойынша бірыңғай ұлттық оператор болып табылады. KAZAKH INVEST тұрақты негізде инвесторлар үшін тартымды әлеуетті тауашалар мен жобаларды анықтай отырып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талдайды. Бүгін біз әлеуетті инвесторларға түрлі салалардағы нақты жобаларды ұсынуға, сондай-ақ оларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Атап айтқанда, біз АӨК, ТМК, мұнай-газ химиясы, машина жасау және басқа да салаларда жобаларды іске асырудың 100-ден астам инвестициялық ұсынысын дайындадық. Украиналық бизнеспен нақты инвестициялық ұсыныстармен бөлісуге қуаныштымыз», - деп атап өтті Біржан Қанешев.

Өз кезегінде Украина СӨП Президенті Геннадий Чижиков сауда-өнеркәсіп палатасы әлемдегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен құралдарын жасауға белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылдың алғашқы айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауданың 13%-ға өскені атап өтілді. Бірлескен кәсіпорындар саны да өсуде.

«Біздің елдеріміз арасындағы әдеттегі сауда уақыты өтті. Бүгін бізге кооперация мен бірлескен кәсіпорындар құруға назар аудару қажет. Дәл осындай ынтымақтастық стратегиясы екі ел үшін аса пайдалы болады. Украина мен Қазақстан арасында құқықтық база құрылды, қазір реттелмейтін салалар жоқ. Оны тиімді пайдалану керек», - деді Геннадий Чижиков

Іс-шараны өткізудің мақсаты - Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын арттыру, Украинадан Қазақстанға және Азияның басқа елдеріне тауарлар жеткізу үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру, сондай-ақ кері бағытта Қазақстан мен Украина нарығына прогрессивті технологиялар мен инвестицияларды жылжыту, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізу, іскерлік байланыстарды жолға қою, сондай-ақ проблемалық мәселелерді талдау болып табылады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Брацлав» ЖШҚ, «ПКФ Дрогобычский автомобиль крандары зауыты» ЖШҚ, «Montajat Pharmaceuticals», «Украин аграрлық техникасы» ЖШҚ және «Clear Energy» ЖШҚ украиналық компанияларымен бірқатар B2B кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, ЖЭК, фармацевтика, АӨК және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Анықтама: 2005-2019 жылдары украин бизнесмендері Қазақстанға 148,5 млн. доллар тікелей инвестиция салған. Бүгінгі таңда Қазақстанда Украинаның қатысуымен 1 399 компания тіркелген, олардың 935-і белсенді жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге