Баспасөз релиздері

Қазақстан мен Сингапур инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сингапур инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес форумы өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Singapore Business Federation ұйымдастыруымен өткен шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 200-ден астам өкілі қатысты.

DCL07501.jpg

Сингапур Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып табылады. Екі ел сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірнеше үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. 2022 жылы Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 1,92 миллиард доллардан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға жоғары.

2011 жылдан бастап Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясы шамамен $1,26 млрд құрады.Сингапурлық компаниялардың инвестициялық жобалар қоржынында $642,6 млн құрайтын 13 жоба бар. Surbana Jurong, PSA, International Cement Group және т.б. ірі компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі.

DCL07387.jpg

Шарада сөз сөйлеген Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, экономикалық байланыстарды кеңейтуге дайын екендіктеріне сендірді.

DCL07090.jpg

Қатысушыларды Сингапурдың Сауда және өнеркәсіп министрі доктор Тан Си Ленг және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров қарсы алды. ҚР СІМ басшысының орынбасары сингапурлық бизнес өкілдерін білікті кадрлары, өсіп келе жатқан орта және бай табиғи ресурстары бар ел ретінде Қазақстанда қызметін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

DCL07061.jpg

"Қазақстан - бүкіл Орталық Азия, Батыс Қытай, Оңтүстік Кавказ үшін маңызды алаң. Ең перспективалы бағыттардың ішінде инфрақұрылым мен құрылысты, білім беруді, ғылымды және инновацияны, жасыл қаржыландыруды және стартаптарды дамытуды, цифрлық технологияларды, көлік және мультимодальдық коммуникацияларды, азық-түлік пен туризмді атап өте аламын. Қазақстанда 230-дан астам сингапурлық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеп жатқанына қарамастан, бізде экономикалық байланыстарды кеңейту және тереңдету үшін пайдаланылмаған үлкен әлеует бар», - деді Алмас Айдаров.

DCL07180.jpg

Панельдік сессияда «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компаниялар тобының қызметі туралы баяндама жасаса, «PSA INTERNATIONAL PTE LTD» компаниясының аймақтық бас директоры Ван Чи Фунг сингапурлық компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары және компанияның елдегі қызметінің болашағы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

DCL07229.jpg

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов өз сөзінде ҰКП сингапурлық бизнеске қазақстандық кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнатуда көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев өз кезегінде облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен, өңірде жүзеге асырылып жатқан келешегі зор жобалармен таныстырып, өңірдегі сингапурлық өндірістерді оқшаулауға және Қазақстан-Сингапур экономикалық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екендігіне сендірді.

DCL07282.jpg

Surbana Jurong компаниясының бас операциялық директоры, доктор Ума Махесваран Раманатхан Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан G4 City смарт қала жобасы туралы айтты. G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес, біріктірілген қала жалпы ауданы 111 800 гектарды құрайтын төрт тақырыптық ауданнан тұрады және 1 миллионнан астам жұмыс орнын ашады. Оның айтуынша, G4 City – Қазақстанның жаңа инновациялық туристік орталығына айналатын ауқымды және бірегей жоба.

DCL07326.jpg

Дөңгелек үстел аясында екі елдің бизнес өкілдері арасында да екіжақты кездесулер өтіп, құны 275 миллион доллар болатын 12 құжатқа қол қойылды.

DSC02000.jpg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге